Бокс: Таиландтағы турнирде Ұлжан Сәрсенбек қарсыласынан ұтылып қалды
БАНГКОК. 28 мамыр.Таиланд байтағы – Бангкок қаласында өтіп өтіп жатқан бокстан лицензиялық турнирде қазақстандық Ұлжан Сәрсенбек бәсекелесіне жол беріп қойды. Бұл туралы 1bol.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Бокстан Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасының бір өкілі жарысты аяқтады», деп жазады Olympic.kz.
Әйелдер арасында 54 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға шыққан Ұлжан Сәрсенбек өзінің бірінші жекпе-жегінде жеңілді. Ол америкалық қарсыласы Шер Мэй Патрисиодан аса алмады. Есеп – 0:5!
Осылайша, қазақстандық боксшы турнирдің 1/8 финалында қалып қойды.
Осы жеңілісі үшін жылап тұрған Ұлжанның видеосы кейін әлеуметтік желіге тарап кетті. Намысты қызымыз өзінің мүмкіндікті жіберіп алғанына өкінішін білдірмей тұра алмады.
Айта кетелік, Ұлжан Сәрсенбек Астанада өткен спаррингтік турнирде топ жарып, лицензиялық жарысқа қатысу құқығын иеленген еді.
Бұған дейін қазақстандықтар өткізген төрт шайқас сәтті аяқталған болатын. Құрама сапындағы алғашқы шығын осы болып отыр.