26 Тамыз, 03:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев те Жеңіс парадына қатысатын болды

7 Мамыр 2024 19:20
- Жаңалықтар
Путин Навальныйдың жерлеу рәсімі елде бүлік туғызып кетуінен қорқады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 7 мамыр. Кеше Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің де Мәскеуде 9 мамыр күні өтетін Жеңіс парадына баратыны белгілі болды. Бұл туралы kun.uz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Бұған дейінгі хабарламада айтылған Орталық Азия мемлекеттері басшылары арасында өзбек лидерінің аты аталмаған еді. Оған сол сияқты Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің де бармайтыны баяндалған. Ал кейінірек жарияланған хабарламада Шавкат Мирзиёевтің тізімде бар екені айтылды.

«Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Мәскеуде Жеңістің 79 жылдығы құрметіне арналған парад қонақтары арасында болады», – делінген хабарламада. Онда аталмыш шараға сондай-ақ Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Куба, Лаос және Гвинея-Бисау басшылары қатысатыны айтылған.

«Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Мәскеуде 9 мамырда өтетін 1941-1945 жылдарғы соғыстағы Жеңістің 79 жылдығына арналған әскери парадтың құрметті қонағы болады», – делінген Кремль баспасөз қызметінің осыған орай жариялаған мәлімдемесінде.

Сөйтіп, Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруы бойынша парадқа келетіндер арасында Беларусь президенті Беларуси Аляксандр Лукашенка, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Сердар Бердымухамедов, Куба президенті Мигель Диас-Канель Бермудес, Лаос президенті Тхонглун Сисулит және Гвинея-Бисау президенті Умару Сиссоку Эмбало бар екендері белгілі болып отыр.

Ресей билігі Жеңіс күнін соңғы кездері өзінің саяси мақсаттарына, соның ішінде Украинадағы басқыншылық соғысын ақтауға пайдаланып жүр. 2022 жылы Ресей Украинаға басып кірген соң Мәскеудегі парадқа баратын әлем лидерлерінің қатары азайды.

Былтыр Мәскеудегі парадқа Орталық Азия елдерінің басшылары, Аляксандр Лукашенка және Армения премьері Никол Пашинян барған. Биыл Пашинянның Мәскеудегі шараға келмейтіні әу басьан белгілі болған.

Былтырғы парадта Путин Батыс елдерін «русофобияны күшейтті», «отбасы құндылығын бұзды» деп айыптаған. Мұндай сөзді ол Украинада соғыс басталғалы жиі айтып жүр.

«Азаттық радиосының» хабарлауынша, әлем саяси сарапшылары Орталық Азия лидерлерінің Мәскеудегі 9 мамыр парадына баруы олардың сыртқы саясатты өз бетінше шешім қабылдамай алмайтындарын, Ресейге әлі де  экономикалық тұрғыда тәуелді екендерін көрсетеді деген тұжырым жасап отыр.

Таңбалар: жеңіс парадыМәскеуШавкат Мирзиеёв

Ұқсас мақалалар

Әскерилер күзде Мәскеуге 2 мың дрон шабуыл жасайтынын айтты
Жаңалықтар

Әскерилер күзде Мәскеуге 2 мың дрон шабуыл жасайтынын айтты

21.08.2026
РФ Әуе-ғарыш күштері қолбасшысының өміріне қастандық жасалды
Жаңалықтар

РФ Әуе-ғарыш күштері қолбасшысының өміріне қастандық жасалды

02.08.2026
Украинада күзде Мәскеуді баллистикалық ракеталармен соққылау жүретіні айтылды
Жаңалықтар

Украинада күзде Мәскеуді баллистикалық ракеталармен соққылау жүретіні айтылды

28.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist