27 Тамыз, 00:08
RAST.kz
USD USD 458.87 ₸
EUR EUR 535.09 ₸
RUB RUB 5.42 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бишімбаевтың сотында Салтанаттың құрбысына жазған хаттары да оқылды

10 Сәуір 2024 23:50
- Жаңалықтар, Қайнар
Бишімбаевтың сотында Салтанаттың құрбысына жазған хаттары да оқылды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 10 сәуір. Әйелін өлтірді деген айып тағылып отырған Қуандық Бишімбаевқа қатысты сотта марқұмның досы Аида Ахмединаға жазған хаттары сараланды. Бұл туралы Tengrinews.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Сот отырысы басталғаннан кейін бірден Салтанат Нүкенова мен оның жақын құрбысы Аида Ахмединаның арасында WhatsApp желісі арқыды жазылған хаттардың мәтінімен танысуға кезек берілді.

Екеуара хатта мынадай диалогтар орын алған:

«Нүкенова: «Оның мені жай жібере қоюы екіталай. Менде соққыға жығылған суретім бар, Айтымда да (Салтанаттың ағасы – ред.) бар. Онда түр жоқ.

Ахмедина: Не деп тұрсың, қашан болған?

Нүкенова: Айтымның келетінін білмедім. Ол келіп, екеуі төбелес шағырды. Айтым полиция шақырды.

Ахмедин: Айттымды ұрып тастаған жоқ па?

Нүкенова: Ол мені жібермеймін дейді, менің отбасымда соққыға жығылған суреттерім бар және оны Желіге жариялаймыз деп қорқытып, одан ақша бопсалайды-мыс. Ол жалаңаш видео түсіруімді сұрады, өзін ешкім бопсаламайтыны туралы кепіл болуы үшін. Білесің бе, мен оған: «Сен құбыжықсың» дедім. Бірақ мені видеосыз жібермейтінін білдім.

Ахмедина: Түсірдің бе?

Нүкенова: Иә, одан кету үшін. Басқа амалым болмады.

Ахмедина: Бұл не болды сонда?

Нүкенова: Тіпті білмеймін. Шаршадым, одан басқа ешкіммен араласпаймын”.

Ахмедина: Иә, сол ғана ұстап тұр.

Нүкенова: Иә, ол әр қадам, әрбір хабарлама, әрбір қоңырауды бақылайды. Мен артық телефон қарамаймын, өшіруді ұмытып кетемін бе деп қорқамын. Тіпті қарапайым нәрсе де, ол ешқандай себепсіз ашуланып кетеді. Айқай, жамандау, қорлау. Мен шаршадым, жанжал болмас үшін үнемі үндемей, сылтау айтамын. Менің жүйкем шыдамайды, бәрі ол ашуланбаса болды деп. Иә, ол көзсіз сүйеді. Бұл махаббат емес. Мен қазір осыны зерттеп жатырмын, сол үшін Павлодарға қашып кеттім. Жалпы, жағдайым осы. Ары қарай не болатынын білмеймін. Кейде оған жаным ашиды, осы аяушылықпен ғана жүрдім. Сосын келген соң Павлодарға кел. Бұл желтоқсанда немесе қаңтарда, Алматыда екінші рет болды, сол кезде заттарымды алып кеткім келіп, Маринаға жаздым. Ол шашымды жұлды. Мұндай жағдай бірнеше рет болды. Ол бірнеше рет шашымнан ұстап, айқайлады. Шашым уыстап түсті. Сосын қойды. Мен кете бергесін, ол қол көтеруді тоқтатты. Психологпен жұмыс та көмектескенді-міс. Осы оқиғалардан кейін мен біреуге бірдеңе жазуға, ол туралы немесе біздің қарым-қатынасымыз туралы сөйлесуге қорқамын. Аида, анама, Аселкаға да айтпа, әсіресе, қыздарға. Өтінемін, ешкімге.

Ахмедина: Жарайды, сөз берем».

Dalanews.kz сотта бірқатар уақыттардан соң Нүкенованың қызметтегі көмекшісі Анар Тасованың да куәлік екенін жазады. Ол астрологиямен айналысқан Салтанатқа көмектескен. Анардың айтуынша, бастығы оған күйеуінің тыйым салғанын жеткізген. Ол сондай-ақ былтыр Шымкентте Салтанатпен кездескен кезде денесінен жарақат көрген.

«Олардың үйіне барғанда, Салтанат шықты. Бірінші байқағаным: оның мүлде көңіл күйі болмады. Ол алға (көліктің алдыңғы орнына – ред.) отырды, сол жағында қылғындырған белгілер, арқан іздері барын көрдім. Оның сол жағы көгеріп тұрды. Бірден жаман ой келді. Біз кофе ішетін орында отырдық. Әңгіме барысында ол Қуандықтың тиран екенін айтты. Құрбыларымен, әпкелерімен сөйлесуге рұқсат бермейтінін, үнемі оның бақылауында екенін баяндады. Біз шамамен 2-3 сағат отырдық, осы уақыт ішінде оның көңіл күйі болмады. Көбіне олардың қарым-қатынасы туралы айтты. Үнемі айғай-шу екенін, оны бақылап отыратынын да айтты», – деді Тасова.

Куәгер Салтанат Қуандыққа тұрмысқа шыққанға дейін жақсы табыс тапқанын, яғни табысы айына шамамен 3-4 миллион теңге болғанын атап өтті. Сонымен қатар, ол марқұм өз жұмысын жақсы көргенін әрі оның жұмысына көңілі толатын клиенттері де болғанын жеткізді.

Кейінірек куәгер Нүкеновамен арадағы хаттарды оқып берді. Жеке хаттарда жұмыс барысы туралы әңгімелер айтылған.

Айта кетейік, 27 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер таңдалған еді. Алқабилер алқасына 12 адам іріктелді: 10 – негізгі құрам, 2 – қосалқы. Содан кейін ашық сот отырыстары басталды.

Сонымен қатар, Қуандық Бишімбаев сотта Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтіргенін мойындамады. Бұл оқиға 2023 жылы 9 қарашада Астана қаласындағы BAU ресторанында орын алды.

Сот отырыстарында оқиға болған кездің кадрлары, дәлірек, Бишімбаев Салтанатты шашынан сүйреп, тепкілеген сәттері  түсірілген видеожазба көрсетілді.

Таңбалар: Анар ТасоваБишімбаевтың сотысалтанат

Ұқсас мақалалар

Ресейлік журналист Ксения Собчак Бишімбаев сотына не үшін келгенін айтты
Жаңалықтар

Ресейлік журналист Ксения Собчак Бишімбаев сотына не үшін келгенін айтты

23.04.2024
Қуандық «уақытты жоғалтпау үшін» Салтанатты шашынан сүйрегенін айтты (видео)
Жаңалықтар

Қуандық «уақытты жоғалтпау үшін» Салтанатты шашынан сүйрегенін айтты (видео)

08.04.2024
Бишімбаев блокнотындағы Нүкенованың «қолхаты» судьяға жаға ұстатты
Жаңалықтар

Бишімбаев блокнотындағы Нүкенованың «қолхаты» судьяға жаға ұстатты

08.04.2024

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.87 ₸
EUR EUR 535.09 ₸
RUB RUB 5.42 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist