Бишімбаев Салтанат Нүкенова өмірінің соңғы күні туралы айтып берді
АСТАНА. 3 сәуір. Астанада өтіп жатқан сот отырысында айыпталушы Қуандық Бишімбаев жұбайы Салтанат Нүкеновамен өткен соңғы күн жайлы әңгімеледі. Бұл туралы Nur.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Бүгін Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты сот процесі жалғасты. Бишімбаев әйелін өлтірді деп айыпталуда», – делінген хабарламада.
Айыпталушы Бишімбаев өзінің сот алдында жауап беруін жалғастырды. Ол өзінде әйелін өлтіру жөнінде ешқандай ой болмағанын айтты.
«Біз мейіріммен, сүйіспеншілікпен ояндық. Бір құрбысы оны Дима Биланның концертіне шақырды, ол (Салтанат – ред.) маған «бірге барайық» деп өтінді. Сөйтіп, дайындала бастады, концертке киетін киім қарады, кейбір заттары Павлодарда болғандықтан, ақыры өзіне лайықты гардероб таңдай алмады. Сосын көңілі түсіп, ашулана бастады», – деді Бишімбаев.
Оның айтуынша, Салтанат өзіне лайықты киім таппаған соң бұл оған дүкенге бірге барып, киім алуды ұсынған. Сонан соң екеуі бірге дүкен аралаған, Салтанаттың көңіл-күйі көтеріңкі болған. Содан кейін, сотталушының айтуынша, олар ресторанға кірген, артынан бөлек кетіп, Салтанат құрбысы Аидамен кездескен.
«Аида екеуі рестораннан шықты, ішімдік ішкен болуы керек, өйткені, «Тағы шампан алу керек еді» деді, мен сосын: «Қазақстан» орталық концерт залына барайық, айтамын, әкеледі» дедім», – деді Бишімбаев.
Ол бұған дейін жанжалға еш алғышарт болмағанын қоса айтты.
«Концерт залының фойесінде мені бір танысым көріп, бетімнен сүйді, амандастық. Салтанат ашулана бастады, оның кім екенін сұрады. Мен әріптесім екенін айттым. Біз залға кірдік. Залға барар жолда ол: «Шампанға тапсырыс берерсің» деді. Мен рестораннан шампан толтырылған 3 үлкен стакан әкелуге тапсырыс беріп, көшеде қалдым. Концерт 20:00-де еді, шампанды әкелген кезде сағат 20:40 болып тұрды. Мен концертке кешігіп қалдым. Даяшыны 40 минут күткендіктен, біраз ашуландым. Стақан алып кіріп, Аида мен Салтанатқа бердім де, біреуін өзіме алып қалдым. Есте қалатындай жанжал емес», – деп жалғады сөзін Бишімбаев.
Сондай-ақ ол Салтанаттың бұрын Бишімбаев сұраған дезодорантқа тапсырыс беруді ұмытып кеткенін еске түсірді.
«Концерт болып жатты, менің қалғым да келмеді, Дима Биланды ұнатпаймын. «Мен кете берейін, концертті өздерің көре беріңдер, менің жұмысым бар» дедім. Көңілім түсіп отырған. Күндіз жұмыста бір жағдайлар болған. Ол: «Бірге келдік пе, бірге кетейік, соңына дейін отыра тұр», деп өтінді. Менің кетуге ниеттенгенім оны ренжіткені көрініп тұрды, бет-жүзі өзгеріп кетті. Мен оның тізесіне қолымды қойып: «Жарайды, концертті бірге көреміз» дедім. Содан ол кенет ашуланып, орнынан атып тұрып, маған: «Көргің келмесе, кеттік» деп айқай салды. Мен таң қалдым», – деді Бишімбаев.
Бишімбаевтың айтуынша, содан кейін олар залдан шығып кеткен.
«Ол гардеробқа қарай барып» қатты ызалана бастады. «Сен менің көңіл-күйімді құрттың, Аиданың алдында ұятқа қалдырдың» деді. «Онда қайта барайық» дедім. Ол айқайлай бастады. Мен: «Не болып жатқанын түсіндірші, кел, отырайық» дедім. Ол одан сайын ашуланды. «Сен мені ұятқа қалдырдың, қалғың келмеді, кетемін дедің» деді. «Ренжіткен болсам кешір, ренжіткім келген жоқ» дедім. Ол: «Жоқ, болды, мен кетемін» деді. Ол қатты айқайлағанда, мен де ашулана бастадым. Ол: «Сен мені жазда да оның алдында ұятқа қалдырғансың» деді», – деп жазда болған жағдайды есіне алды Бишімбаев.
Оның айтуынша, Салтанат нөмірді жоғалтып алған, сондықтан концерт залынан сырт киімсіз шығып кеткен. Ол ағасына барғысы келетінін айтқан. Одан кейін олар концерт залына жақын маңдағы «Гастроцентрге» келген.
«Біз ресторанға келдік. №5 VIP бөлмеге кірдік. Мен оған қарама-қарсы отырдым. «Не керек екенін түсіндір. Сен «енді мұндай күйде болмаймын, қашып кетпеймін» дедің, өзіңді ұстай алмайсың ба, не түрткі болғанын түсіндіре аласың ба?» дедім. Шампанға тапсырыс бердік. Мен оны тыңдап қана отырдым, біз VIP бөлмеге 21:30 шамасында кіргенбіз. Үш сағат бойы оның арыз-шағымын, ренішін тыңдадым, негізгі түйіні – менсіз Түркияға кетіп қалдың, қазан айында ажырасқанда басқа әйелдерге қоңырау шалдың, жазда Алматыда мені үйден қуып жібердің, сені сонда көрді, мұнда көрді. Үнсіз тыңдадым, «айтарын айтып алсын» деп ойладым. Біз осылай есеп алысып жатқанда, ол тағы бір бөтелке шампан ішті. Ішіп, әлсіреп, жанжал сонымен бітеді деп күттім», – деді Бишімбаев.
Кейін Салтанат, Бишімбаевтың айтуынша, Аидаға телефон соғып, концерт біткенін айтқан.
«Менің кеткім келді, оның тынышталмайтынын көрдім. Қазір ағасына кетіп қалса, бара берсін деп ойладым. Өзім басқа адамға қоңырау шалдым. Мен оны қалуға мәжбүрлей алмаймын. Мен әлгі адамға қоңырау шалдым, олар бір ойын-сауық мекемесіне кетіп бара жатқанын айтты, мен соларға қосыламын деп ойладым», – деді айыпталушы.
Оның айтуынша, сағат 00:30-да олар біраз ішкен. Содан Салтанат таксиге тапсырыс берген, бірақ кетпеген. Бишімбаевтың сөзінше, олар тағы бірнеше сағат сөйлескен – алдымен ресторанның фойесінде, содан кейін көшеде.
«Әңгіменің мәні мынада: мен оны ұстап қалуға, түсіндіруге тырыстым. Ол жазда болған оқиғаны, Түркиядағы жағдайды және т.с.с. айтып ашулана берді. Бір айтқанын 5 сағат қайталап айтты», – деді Бишімбаев.
Сосын, оның айтуы бойынша, олар таксиге қарай бет алған.
«Ол маған тиісе бастады. «Неге мені ұстап қалғың келеді? Неге қалғанымды, ұрыспағанымызды қалайсың?, деп сұрады. Жанжалдың осы кезде күшейе түсті. Мен ашуландым. «Не деп тұрсың, сыйлықтардың не қатысы бар, сенің кетпегеніңді қалаймын», дедім. Ол көлікке отырды. Оның кететін ойы болған жоқ, кететіндей болып көлікке отырды. Ол намысыма тиюін жалғастыра берді. «Уайымдама, бәрін қайтарып беремін» деді. «Тағы ушықтырып, төбелесті қалап тұрсың ба, бірақ менің бір өтінішім бар, қорлап, боқтамайық, бұрынғы қарым-қатынастарыңды еске түсірмейік дедім» дедім. Өйткені, менің ұнатпайтынымды біле тұра осы екі нәрсемен менің намысыма тиіп, ашуландырмақ болды», – деді айыпталушы.
Бишімбаевтың айтуынша, сонан соң Салтанат өзі сыйлаған алқаны жұлып алып, қайтарып берген, бірақ ол оны лақтырып жіберген.
Артынша, Бишімбаевтың сөзінше, олар біраз тынышталып, үйге қайтуды ұйғарған, тіпті көлікке отырып, рестораннан шығып та үлгерген. Алайда бір кезде, Бишімбаев сендіргендей, Салтанат ресторанға қайта қайтпақ болған. Олар ресторанда ішімдік алып, №1 VIP кабинаға кірген.
«Біз сабырлы отырдық, бәрін жинап болған соң тынышталып, ішке кірдік. Біз VIP-ке кірдік, бәрі қайта басталды. Тағы да баяғы әңгіме, сол тақырып. Мен: «Үйге кеттік» дедім. Оның реніші болды, ол бір-бір жарым сағат бойы жазғы оқиғалар туралы, біздің ажырасуымыз туралы айтты. Мен айтып алсын деп отырдым. Ол айғайлай бастады. Ол жерде сылақшылар жүрген. «Айқайлағың келсе, келейік. VIP-тегі дәретханаға кірейік, әйтпесе залда адамдар ба» дедім. Біз дәретхананың еденіне отырдық», –деді Бишімбаев.