25 Тамыз, 18:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қасиетті Қазығұрт жері Өзбекстан құрамына кіріп кеткен бе?

Аудандағылар басқаша идеология жүргізуге бел шеше кіріскен сияқты

19 Наурыз 2024 21:37
- Жаңалықтар, Қайнар
Қасиетті Қазығұрт жері Өзбекстан құрамына кіріп кеткен бе?
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында Наурыз тойы өзбекше әуенмен басталды. Бұл да аудандағы ерекше орын алған «жаңалық» деп түсіндік.

Алғашқыда қазақтың Әз Наурызына қонақ болып келдік деп ойласақ, бірақ өзбек ағайындардың керней-сырнайына, сахналық көрінісіне тап болып, бөгде елде жүргендей әсерде қалдық.

Өзбек ағайындар бауырмал, тату-тәтті тұратын көршіміз. Олардың салт -дәстүрін сыйлаймыз, құрметтейміз.

Дегенмен, өзбекше музыка, өзбекше сахналық қойылымдар көрсетіліп, айналаға өзбекше тамаданың даусы жаңғырып естіліп тұрғаны кімге болса, таңданыс туғызды. Идеологиядан хабары бар ма, жоқ па аудан әкімі Азизхан Исмаилов та осы көріністерді тамашалап мәз болып тұрғанын байқадық.

Бұл өңірде радио әуені де тұрақты түрде өзбекше жаңғырып тұратынын жұрт жақсы біледі.

Оны өзгертуге , қазақша ақпарат алуға жоғары не жерлікті атқарушы биліктің қауқары жоқ. Болмай тұрғанын байқап жүрміз.

Шынын айтқанда, өзбекше идеологияны жандандыруға келгенде, Қазығұрт ауданының жергілікті атқарушы билігі жан тәнімен кірісіп кеткені таңдандырды.

Облыс әкім Дархан Сатыбалды мен облыстың идеология саласына жауапты әкім орынбасары Бейсен Тәжібаев ұйықтап отырмай, айналасында қоластындағылар кімдер қандай тіршілік жасап жатыр, қандай  саясат жүргізіп отыр деп бір қарап қойса болады ғой.

Қазақтың идеологиясын төрт аяғында тік тұрғыза алмай жатқанымызда, көршіге қарап көз қысып, көсегеміз көгере қоймас деймін.

Балтабек ТҮЙЕТАЕВ,

Түркістан облысы

 

Facebook

Таңбалар: Қазығұрт ауданыНаурыз тойыӨзбекстанТүркістан облысы

Ұқсас мақалалар

Өзбекстан құрамасының әлем чемпионатындағы құрамы анықталды
Сайыс

Өзбекстан құрамасының әлем чемпионатындағы құрамы анықталды

25.05.2026
Түркістанда Өзбекстан салған орасан зор мешіт ашылды
Жаңалықтар

Түркістанда Өзбекстан салған орасан зор мешіт ашылды

15.05.2026
Учаскелік инспектор – қоғамдық қауіпсіздіктің негізгі тірегі
Жаңалықтар

Учаскелік инспектор – қоғамдық қауіпсіздіктің негізгі тірегі

18.11.2025

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist