25 Тамыз, 21:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Экс-депутат хиджаб пен тоқал мәселесін сынап, Қаңтар оқиғасын атап өтті

14 Наурыз 2024 22:09
- Жаңалықтар, Тіршілік
Экс-депутат хиджаб пен тоқал мәселесін сынап, Қаңтар оқиғасын атап өтті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 14 наурыз. Алматы қаласы мәслихатының бұрынғы депутаты Ақбөпе Әбілқасымова хиджаб пен тоқал мәселесіне, Қаңтар оқиғасына назар аударды. Бұл туралы Stan.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ол әлеуметтік желідегі діни қараңғылық пен ислам төңірегіндегі пікірлерді сынады. Хиджаб пен еліміздегі тоқал мәселесін көтерген экс-шенеунік Қаңтар оқиғасын да атап өтті.

Айтуына қарағанда, Ақбөпе Әбілқасымова әлеуметтік желілерде күйеулеріне тосынсый ретінде тоқал сыйлаған әйелдердің әрекетін ерсілік деп есептейді. Бұған дейін қазақ әйелінің күйеуіне тоқал сыйлаған видеосы желіде қызу талқыға түскен еді. Одан күйеуі үлкен қорапты ашқанда, ішінен әйел шыққанын көріп таңғалғанын көруге болады.

Желі қолданушылардың бірі мұны сынап жатса, енді бірі әйелді мақтайды. «Пранк шығар», «Цирктің қойылымына ұқсайды», «Егер бұл шын болса, әйелінің үстінен қылмыстық іс қозғалады. Өйткені, сыйлықты сатып алады. Адамға сыйлық ретінде қарап тұр» дейді олар.

«Адамға зат ретінде қараған» деген Әбілқасымова хиджаб киген әйелдерге «әйелінің азаматына басқа әйел сыйлау туралы Құранның қай бөлімінен оқыдыңыздар» деп сұрақ қояды.

«Басқа әйелден бұрын тірі адамды сыйлап тұрсыздар. Бұған қай шариғатта рұқсат етіліпті?», – деп таңданады ол.

Әбілқасымова сонымен қоса қорабтан шыққан тоқал болуға келісім берген қыздардың әрекетін де сынайды.

«Мұндай қадамға бару үшін адам өзін қаншалықты сыйламауы қажет?! Сіздер өз денелеріңізді мүлдем танымайтын бөтен еркекке сыйлап тұрсыздар ғой. Сонда ата-аналарыңыз тәрбиенің қарапайым ережелерін үйретпеген бе?!», – дейді ол.

Осыдан кейін тоқал мәселесіне тоқталған экс-депутат қазақ халқының ешқашан тоқалға сый-құрметпен қарамағанын атап өтті. Ол біреуді бөліп-жарған кезде кейде «мен саған не тоқалдан тудым ба» деп жататынын сөзіне мысал етеді.

Қазақстандықтардың ораза ұстау тәртібі жайлы да ұмыт қалдырмаған Әбілқасымова көп азаматтардың Рамазан айы біте сала ескі әдетінен басатынын айтады.

«Қоғамдық тамақтандыру орындары Рамазан айы аяқталғаннан кейінгі алғашқы күні-ақ ішімдік сатудан бір айлық табыс табады», – дейді ол сосын.

Бұрынғы шенеунік хиджаб киетін оқушы қыздар жайлы да атап өтеді. Ол хиджаб киген қыздың оқулықтарды өртеген оқиғасы жайлы тоқталып, ол қыздың «хиджаб мені қорғайды» деген сөзіне таңырқаған.

«Мен өмір бойы бізді қайдағы бір шүберек емес, құдай қорғайды деп ойлап келдім. Ал ол қыздың ойынша оны қайдағы бір шүберек қорғайды екен», – дейді Әбілқасымова.

Екінші бір оқиға жайлы тоқталған ол жақында желіде тараған әлі де болса көптің есінен шыға қоймаған таксиші мен хиджаб киген қыздың арасындағы дауды еске алады. Хиджабтағы қыздың дөрекі сөздерді тоқтаусыз айтқанына таңырқаған ол өзінің 45 жасында мұндай сөздерді меңгермегенін жеткізеді.

«Бірақ ең маңыздысы оның басында орамал бар. Сіздерге бұның барлығы ислам емес жаппай психозға айналып бара жатқандай көрінбей ме», – дейді экс-депутат.

Әбілқасымова діни қараңғылық мәселесі кішкентай балаларға әсерін тигізер болса, «күлуге шамамыз келмей қалады» деп ескертеді. Ол сөзіне дәлел ретінде балаларына вакцина салдыруға қарсы шыққан ата-аналардың оқиғасын келтіреді.

Қаңтар оқиғалары жайлы еске салған бұрынғы шенеунік сақал қойған жас жігіттерден сақтануды ұсынады.

«Сақал қойған жас жігіттер теракт жасаса. күлкімізді тыя алмай қалармыз. Немесе мемлекеттік төңкеріс болған Қаңтар кезінде алаңда жүгіріп жүрсе немесе сақал қойған азамат жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жығып, артынан тығылып қалса. Міне, осындай жағдайда ҚМДБ (Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы) мәселеге бірінші араласуы керек еді. Мынадай қараңғылықпен күреспесе болмайды. Себебі, мұны ислам деп атауға келмейді», – дейді Ақбөпе Әбілқасымова.

Таңбалар: Ақбөпе Әбілқасымовасақалдылархиджап

Ұқсас мақалалар

Спортты сақалдылардан тазартпаса болмайды, спортшылардан намыс қашты (видео)
Әлеумет

Спортты сақалдылардан тазартпаса болмайды, спортшылардан намыс қашты (видео)

17.07.2024

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist