Мемлекет басшысы Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады
АСТАНА. 1 наурыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдап, еліміздегі қазір ахуал жөнінде пікір алмасты. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Үкімет басшысы Президентке еліміздің қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы және экономиканың өсімін қамтамасыз ету жоспары жайын баяндады.
Премьер-Министр сондай-ақ отандық тауар өндірушілерді қолдауды күшейту үшін қабылданып жатқан шаралар жайында мәлімет берді. Қазақстандық өнімдердің үлесін арттыру мақсатында мемлекеттік органдардың, жер қойнауын пайдаланушылар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алу рәсімдерін жетілдіру жұмыстары басталды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өнеркәсіптің перспективті салаларын қарқынды түрде дамытуға ерекше назар аударылып жатыр.
Олжас Бектенов сонымен қатар Президентке заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысы хақында айтты.
Қабылдау соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысына елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.