Ресей Днестр бойын аннексияламақ болса, НАТО Молдоваға көмек береді
БРЮССЕЛЬ. 27 ақпан. РФ армиясы Молдованың Днестр бойы аймағын басып алуға әрекет ететін болса, НАТО Молдоваға қолдау білдіретінін мәлімдеді. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Солтүстік альянс бас хатшысының орынбасары, молдованмен бір ұлт саналатын румын елінің азаматы Мирча Джоанэ өз дәулетінің ProTV телеарнасына берген сұхбатында осыны айтты.
«Әлбетте, НАТО Ресейді айыптап, Молдованы қолдауды жалғастырады. Бұл елдің маңызы зор», – деді ол.
Джоанэ Днестр бойының Ресейге қосылуы мәселесінің референдум арқылы талқыланғанын, алайда оның «ешқандай оң нәтиже бермегенін» атап өтті.
«Днестр бойы молдован республикасы» деп аталатын сепаратистік құрылымның билігі 28 ақпан күні депутаттар съезін өткізіп, онда аймақтағы саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайды талқылайды. Жергілікті оппозиционер Геннадий Чорба депутаттар сол күні Ресей билігіне үндеу арнап, өздерін РФ құрамына қосып алуды сұрайтынын айтты. Ал Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров ақпанның ортасында «Днестр бойында тұратын Ресей азаматтарының Батыстың құрбаны болуларына жол бермейтінін» мәлімдеген болатын.
«Қалай дегенде де, онда біздің 200 мың азаматымыз тұрады. Әрине, біз олардың тағдырларына алаңдаймыз, сондықтан олардың батыс авантюрасының құрбандары болып кетулеріне жол бермейміз», – деді Сергей Лавров.