Әлемнің ондаған елінде Навальныйды еске түсіруге арналған жиын өтеді
Ресейдің Берлиндегі елшілігі алдындағы шеру
МЮНХЕН. 17 ақпан. Әлемнің көптеген елдерінің белсенділері Алексей Навальныйдың колониядағы өліміне байланысты қарсылық акциясын бастағалы жатыр. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Шерулер сол елдердегі Ресей елшілігі мен консульдігі алдында өтеді. Оларға қатысушылар саясаткер өліміне байланысты тексерудің барынша ашық та таза болуын талап етеді.
Жоспарланбаған акциялар Еуропаның кемінде 20 мемлекетін қамтиды. Олардың арасында мына дәулеттер мен шаһарлар аталады:
Ұлыбритания (Лондон, Оксфорд)
Сербия (Белград, Нови-Сад)
Норвегия (Осло, Киркенес, Берген)
Испания (Валенсия, Барселона)
Швейцария (Цюрих, Женева)
Германия (Берлин, Мюнхен, Майндағы Франкфурт, Штутгарт, Бонн, Дюссельдорф, Дрезден)
Австрия (Вена)
Нидерланд (Амстердам, Гаага)
Израиль (Хайфа)
Швеция (Стокгольм, Гетеборг)
Польша (Варшава, Краков)
Чехия (Прага)
Франция (Париж)
Италия (Милан, Турин, Рүм)
Бельгия (Брюссель)
Эстония (Таллинн)
Черногория (Херцег-Нови, Подгорица)
Финляндия (Хельсинки)
Латвия (Рига)
Кипр (Лимассол, Никосия, Пафос, Ларнака)
Мұндай митингілер сондай-ақ АҚШ (Нью-Йорк, Лос Анджелес) және Канада (Торонто) мемлекеттерін де шарпиды. Осыған байланысты Арменияда да қозғалыс бар.
Ресейде азаматтар кешелі бері Петербург, Тверь, Тула, Новороссийск, Тольятти секілді қалалардағы саяси қуғын-сүргін құрбандары ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып жатыр.
Мәскеуде кеше түнде болып өткен акцияларды полицейлер күшпен қуып-таратты. Көшелерде күштік құрылымдарға қарсылық пайда болды. Сол көріністер түсірілген видеолар әлеуметтік желіге шығып жатыр. Нәтижесінде 100-ден астам адам – Навальныйды жақтаушылар ұстап әкетілді. Бірақ жұрттың тыншымайтын түрі бар. Кремльді қала алда нағыз қарсылық қозғалысының орталығы болатын сияқты.
Оппозиционерді еске алып, оның рухына құрмет көрсету акциясы кеше Ресейдің Алматыдағы бас консульдігі жанында да болды.