25 Тамыз, 17:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Зеленьский доғарысқа кеткен Залужныйға Украина қаһарманы атағын берді

9 Ақпан 2024 22:46
- Әлеумет, Жаңалықтар
Зеленьский доғарысқа кеткен Залужныйға Украина қаһарманы атағын берді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КИЕВ. 9 ақпан. Украина президенті Володимир Зеленьский Қарулы күштердің бұрынғы қолбасшысы Валерий Залужныйды Украина қаһарманы атағымен марапаттады. Бұл туралы The Moscow News дерегіне сүйенген ras.kz хабарлайды.

«Жеке өзінің Украинаның мемлекеттік егемендігі мен территориялық тұтастығын қорғауда, украин халқына қызмет етуде көрсеткен жанқиярлық ерлігі үшін», – деп атап көрсетілген награданың себебі мемлекеттік сайтта жарияланған хабарламада.

Құжатқа Зеленьский Залужныйды доғарысқа жіберу туралы жарлық шығарған 8 ақпанда қол қойылған.

Келесі жарлықпен Украина Қарулы күштері бас барлау басқармасының бастығы Кирилл Будановқа Украина қаһарманы атағы берілген.

Украина президенті бұрынғы бас қолбасшының неліктен армия басшылығынан кетуіне тиісті болғанын түсіндіріп берді. Ол мұны жарлық шықпай тұрған кезде-ақ бірнеше рет айтқан болатын. «Бәрі жаңа нақты жағдайға қарай өзгеріп, бейімделуі тиіс», – деді Зеленьский. Бас қолбасшымен бірге, армиядағы жоғары команда түгелге жуық өзгеруі қажет. Осылай әскери басшылық алмасады. Бригада командирлері жоғары басшылықты өз қолдарына алады.

Жалпы, Залужныйдың доғарысқа кететіні жайлы әңгіме өткен жылдың жазынан бері айтылып келе жатқан. Бұған Запорожье облысы мен Донецк облысының оңтүстігінде жазғы қарсы шабуылдың сәтсіз өткізілгені негізгі себеп болды. Осыдан кейін мемлекет басшысы мен бас қолбасшының өзара қарым-қатынасына сызат түсе бастады.

Президенттің мәліметінше, Залужныймен кездесу кезінде Ресеймен соғыстың «нақты қадамдары мен стратегиясын өзгерту қажеттелігі жөнінде шешім қабылданған». Мәселе бір адамды ауыстыруда емес, әскери басқару құрылымын түбегейлі өзгертуде болып отыр. Сонымен бірге кездесуде генералға «команда сапында қала беру» ұсынылған.

Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы лауазымы генерал-полковник Олександр Сырьскийге тапсырылды. Ол 1965 жылы шілде айында Ресейдің Владимир облысында туған. Ұлты – украин. Әкесі саналы өмірі бойы әскери қызмет атқарған. Қазір әкесі мен шешесі және інісі РФ-да тұрады. Өзі Украинаға 1986 жылы Мәскеу жалпы командалық әскери училищесін бітірген бойда келген. Жаңа тағайындауға дейін Украина жаяу әскерлерінің қолбасшысы болған. Ол Украина армиясы сапындағы жалғыз генерал-полковник, яғни әскери шені ең жоғары адам. Ал Валерий Залужный генерал-майор еді. Ортада әлі генерал-лейтенант деген атақ бар.

Сырьский 2022 жылы Киевті қорғаудағы ерлігі мен ол жақтан Ресей басқыншыларын түре қуып шыққаны үшін Украина қаһарманы атағын алған болатын. Әскердегілер оны өз адамдарын қауіп-қатерге аямай салатын советтік кейіптегі қатал әскербасы деп есептейді. Сол үшін «қасапшы», «генерал-200» деген лақап аттар алған екен. Бұл қауесеттің бәрін Ресей таблоидтары жазып жатыр. Әлбетте, олар жаңа бас қолбасшыға жаулық көзқараспен қарайды. Ал қалғанын алдағы өмір көрсетеді.

Таңбалар: Валерий ЗалужныйЗеленськийУкраина

Ұқсас мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады
Жаңалықтар

Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады

16.08.2026
Зеленський АҚШ-тан Украина қыста аман қалу үшін Patriot-тың 5%-ын сатуды сұрады
Жаңалықтар

Зеленський АҚШ-тан Украина қыста аман қалу үшін Patriot-тың 5%-ын сатуды сұрады

13.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist