Шымкентте Антикор басқарма бастығын әкімнің жиыны үстінен ұстап әкетті
ШЫМКЕНТ. 6 ақпан. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері Шымкент әкімінің басқаруымен өтіп жатқан жиналыс кезінде бір шенеунікті тұтқындап алып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Шымкент әкімдігінде жиналыс кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері залға кіріп, шенеуніктердің бірін алып кетті. Ол тұрғын үй басқармасы жетекшісінің міндетін атқарушы болып шықты». – делінген хабарламада.
Деректер бойынша, жиналыс Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбаевтың жетекшілігімен өтіп жатқан. Онда жемқорлықпен күрес мәселесі қозғалып жатыпты. Сол кезде қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасы басшысы кей қызметкерлерге бірқатар сұрағы бар екенін айтқаннан кейін әкім жемқорлыққа айыпталып отырғандарды алып кету берулеріне болатынын мәлімдейді.
Сол-ақ екен, Антикор қызметкерлері залға кіріп, бастықтардың бірін қолтықтап алып кетті. Ол тұрғын үй басқармасы жетекшісінің міндетін атқарып жүрген шенеунік екен.
«Қанша рет ескерттім… Әріптестер, мені дұрыс түсініңіздер, басқа амалым жоқ. Бес айдан бері сіздерден өтініп келемін», – дейді әкім.