19 Қазан, 01:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Берденовті атқан күдікті сұмдық оқиғаның сұрқынан хабар берді

6 Тамыз 2025 14:42
- Жаңалықтар, Құқық
Берденовті атқан күдікті сұмдық оқиғаның сұрқынан хабар берді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ШЫМКЕНТ. 6 тамыз. Шымкент қалалық сотында қала әкімінің орынбасарына қарата оқ отқан күдіктіге қатысты сот процесі жүріп жатыр. Бұл туралы Orda.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Сот залында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ жаудырған күдікті ретінде «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің бұрынғы директоры Ернар Жиембай отыр.

Бұған дейін Жиембай өзінің Берденовпен алғашқы кездесуі қалай өткенін баяндаған еді. Оның айтуынша, кездесу кезінде шенеунік мұның өзін кемсітіп, ар-намысына тиетін ауыр сөздер айтқан.

«Сенің түрің қандай өзі? Шашың түсіп қалған. Қайдан келгенсің?» деді. Жағдайымды түсіндіргім келген, бірақ сөзімді бөлді. «Жұмыста осылай киінесіңдер ме?» деп тағы тиісе кетті. Мен жауап бермек болсам, сөзімді бөліп, балағаттай бастады. Ақыры кабинетінен шығып кеттім», – деді Жиембай.

Оның сөзінше, сыртқа шыққаннан кейін Берденовтің көмекшісі оны қайта кіргізіп, бюджет бойынша жұмыс жайлы баяндауға мүмкіндік бермек болады. Алайда Жиембай сөзін бастап үлгермей, Берденов қайтадан келеке еткен.

«Сен мылқаусың ба, отыршы!» деді. Мен «Жеке басыма өтпесеңізші» дедім. Ол «Арыз жаза сал» деп жауап берді. «Кетем» десем, балағаттап, «шығып кет» деді. Артынша қалалық құрылыс басқармасынан адамдар хабарласып, «Берденов сені соттатамын» деп жатыр деп жеткізді», – деді сотталушы.

Жиембай бұл сәлемдемені бірнеше адамнан естігенін, кейін Берденовпен тағы кездесудің амалын іздегенін айтты. Оның сөзінше, шенеунік айналасындағыларға: «Ол маған мінез көрсетті, енді мүмкіндік жоқ, соттатамын» деген.

«Ештеңе істемеген болсам да, тағдырымды сындырып тастамақ болды. Екі апта күйзелісте жүрдім. Кейін тағы кабинетіне бардым. Ол: «Сен арыз жазбаймын деп жатыр екенсің ғой. Қамаймын. Әйелің жезөкше болады, балаң жетім қалады. Саған сол керек пе?» деді. Үндемедім, бірақ қатты  ашуландым», — деді Жиембай.

Кейін ол шенеунікке өз жағдайын айтып, отбасындағы қиындықтарын жеткізген. Әкесінің онкологиямен ауыратынын, әпкесінің 4 баласымен жалғыз қалғанын, тұңғыш баласының ерекше күтімді қажет ететінін ескертіп, ар-намысына тимеуді өтінген.

«1 айда арызыңды жаз. Әйеліңе қ..- ғың тұрмайды» дегенде, өзімді өте төмен сезіндім. Ашудан өлгім келді. Сол сөздер шектен шықты. Кейін әйеліммен де ұрысып қалдық. Ол маған: «Мен белсенді, бұлшық етті, болашағы бар еркекпен болғым келеді» деді. Бұл сөз еркектік намысыма тиді. «Кімді айтып тұрсың?» десем, «Руслан Берденов» деді», – деп баяндады күдікті.

Осы оқиғадан кейін Жиембай сол күні әйелімен ажырасуға сотқа арыз берген. Әйелі қарсы болмаған.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы 21 сәуір күні кешке Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының алдында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке шабуыл жасалып, күдікті Ернар Жиембай оқиға орнында ұсталған болатын.

Қазіргі таңда Ернар Жиембай Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі («Адам өлтіру») және 24-бабы 3-бөлігі («Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу») бойынша сотқа тартылуда.

Таңбалар: Руслан Берденовсотшымкент

Ұқсас мақалалар

Түркістан облысында тойда діни уағыз айтқан тұрғынның ісі сотқа жолданды
Жаңалықтар

Түркістан облысында тойда діни уағыз айтқан тұрғынның ісі сотқа жолданды

08.09.2026
Зорланғанын айтқан қыздың арызын қараусыз қалдырған полицейге сот үкімі шықты
Жаңалықтар

Зорланғанын айтқан қыздың арызын қараусыз қалдырған полицейге сот үкімі шықты

31.07.2026
Симоньянға қастандық жасаушылардың алды 20 жылға сотталды
Жаңалықтар

Симоньянға қастандық жасаушылардың алды 20 жылға сотталды

04.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist