Зеленьский бүгін Тоқаевқа хабарласып, үш тақырып төңірегінде ой бөлісті
КИЕВ. 2 ақпан. Украина президенті Володимир Зеленьский бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа телефон шалып, екеуі үш тақырып бойынша пікір алмасты. Бұл туралы «Диалог.ua» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Президенттер әңгімесінде бейбітшіліктің украин формасы талқыланды.
«Бүгін, 2 ақпан күні Украина президенті Володимир Зеленьский қазақстандық әріптесі Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті. Үш түйінді тақырып талқыланды. Ол жайлы украин лидері өзінің Telegram-дағы арнасында айтып берді», – делінген украин таблоидының хабарламасында.
Әңгіменің «бейбітшілік формуласы» деп аталатын түйінді тақырыбы Киевке РФ-ның Украинаға қарсы соғысын тоқтату жоспарын жасауды ұсынады. Зеленьский, шамасы, алда болатын осы кең ауқымды бейбітшілік саммитіне Тоқаевтың қатысқанын қалайтын сияқты.
Тағы бір тақырып РФ-ның оккупациялық армиясының жаппай агрессиясы барысында ұрланған украин балаларының Украинаға қайтарылуына арналды.
Зеленьский мен Тоқаев, бұлардан бөлек, екі ел арасындағы екі жақты сауда-экономикалық қатынастарды жандандыру мен саяси диалогты күшейту мәселесін қозғады.
Әңгіме барысында Зеленьский Қазақстан лидеріне соғыстың қызып жатқан кезінде Украинаға гуманитарлық көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.
«Айта кету керек, Тоқаев РФ-ның Украинаға қарсы соғысы мәселесінде сақтық позициясын ұстанды, екінші жағынан, Ресей агрессиясын қатты айыптады, бірақ Киевке әлдеқандай бір әскери көмек көрсетуден бас тартты. Бұдан бөлек, Қазақстан Мәскеудің санкцияны айналып өтуін қамтамасыз етіп келе жатқан негізгі делдалдардың бірі болып отыр деуге толық негіз бар», – деп жазады портал.
Бұдан бұрын «Диалог.ua» Пригожиннің Мәскеуге жорығы кезінде Тоқаевтың Путинді қорғаудан бас тартқанын баяндаған еді.