Зеленьский Залужныйды доғарысқа жіберу үшін Ставка дайындап жатыр
КИЕВ. 2 ақпан. Украина президенті Володимир Зеленьский Қарулы күштер қолбасшысы Валерий Залужныйды доғарысқа жіберуге арналған Ставка отырысын өткізеді. Бұл туралы «Диалог.ua» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Мұндай қауесетті «Цензор.нет» ресурсының бас редакторы Юрий Бутусов таратты. Журналист Украина Қарулы күштері бас қолбасшысының қызметтен қуылуы соңының саяси және ақпараттық кері әрекеттер туғызуы ықтималдығынан қауіптенеді.
«Президент Володимир Зеленьский өзінің генерал Валерий Залужныйды Қарулы күштер бас қолбасшысы лауазымынан алып тастауға қатысты ойынан қайтқан жоқ, осы мәселе бойынша Жоғарғы бас команданың ставкасы отырысын дайындап жатыр. Ол таяу күндері өтуге тиіс», – деп жазады таблоид.
«Цензор.нет» мағбұғатының бас редакторы Юрий Бутусов өзінің Telegram-арнасында президенттің Залужныйды доғарысқа жіберу туралы жарлығы 29 қаңтарда-ақ дайын болғанын айтады. Сол күні мемлекет басшысы бас қолбасшымен кездесіп, оған өз еркімен қызметінен кетуді ұсынған. Бірақ анау оны қабылдаудан бас тартқан.
Енді Зеленьский мәселені Ставка алдында көтермекші болып отыр.
Осы доғарыстан кейін әртүрлі деңгейде кадрлық ауыс-түйістер жасалады. Соның ішінде Қарулы күштер мен Ұлттық гвардияның 20-ға жуық беделді командирлері, бірінші кезекте бригада командирлері жоғары лауазымдарға тағайындалады.
Залужныйды кімнің алмастыратынына келсек, Бутусовтың айтуына қарағанда, мұндай екі кандидат бар, олардың бірі бас барлау басқармасының бастығы, 38 жастағы Кирилл Буданов болса, екіншісі – Жаяу әскерлер қолбасшысы 58 жастағы Олександр Сырский. Ақыр соңында олардың армияны «тандем» болып басқарулары да мүмкін. Сонымен бірге бұл екеуінің де мұның алдында Залужныйдың орнына барудан бас тартқаны белгілі.
Еске сала кетейік, Залужныйдың доғарысқа кететіні жайлы алып-қашты әңгіме шетелдік баспасөз беттерінде былтырғы жаздан бері жазылып келе жатыр. Украина Қарулы күштерінің өткен жылғы қарсы шабуылының оншалықты сәтті болмағанына бас қолбасшының айтарлықтай кінәсы бар екені анық. Осыған байланысты президент пен оның арасына сызат түсіп кеткен сияқты. Қарулы күштерді жемқорлық жайлап алғаны да жиі айтылып жүр. Қалай дегенде де, бас қолбасшы мемлекет басшысы тарапынан да, халық тарапынан да өзіне берілген сенімді ақтай алмағаны айдай ақиқат нәрсе.