Жаңалықтар жаңғырығыРуханият

Айман Мұсақожаева Өнер университеті ректорлығы қызметінен кетті

АСТАНА. 16 қаңтар. Аты әлемге танымал скрипкашы Айман Мұсақожаева Қазақ ұлттық өнер университеті ректорлығы лауазымын тапсырды. Бұл туралы КазТАГ ақпарына сенім артқан rast.kz хабарлайды.

Қазақстанның Еңбек ері, Қазақстанның халық әртісі, Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Айман Қожабекқызы Мұсақожаева 1998 жылы Астанада Қазақ ұлттық музыка академиясының негізін қалап, оның бірінші ректоры болып тағайындалды. 2009 жылдың 12 қазанында оқу орны «Қазақ ұлттық өнер университеті» болып аталды.

Осы аралықта Азамат Жылтыркөзовтің Қазақ ұлттық өнер университетіне ректоры болып тағайындалғаны жайлы хабар келіп жетті. Бірақ оқу орнының сайтына бұл өзгеріс әлі енбеген екен

Азамат Жылтыркөзов – осы университеттің профессоры.

Агенттіктің республика мәдениет саласы жай-күйімен жақсы таныс мәнбесінің мәліметінше, енді Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры (АОБАТ) басшылығының да ауысуы күтіліп отыр.

«Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры кеше ұжыммен қоштасты», – деп атап көрсетті мәнбе.

Бұл ұжымды 2022 жылдың ақпан айынан бері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрбақыт Боқыбаев басқарып келген еді.

«Директордың лауазымына екі үміткер бар, қазір Астананың шешімін күні кешеге дейін орынтақтың ендігі егесі саналып келген Гүлжан Тұтқыбаева мен Біржан Хасанғалиев күтіп отыр. Екеуінің бірі директор болады», – деді мәлімет беруші мәнбе редакция тілшісімен әңгімесінде.

Айта кетуіміз керек, ұзақ жылдар осы театрға прима-балерина ретінде қызмет еткен Гүлжан Тұтқыбаева қазіргі кезде АОБАТ-тың көркемдік жетекшісі болса, Біржан Хасанғалиев – белгілі қазақ әншісі Ескендір Хасанғалиевтің ұлы, өнер қайраткері.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button