Сатановский: Армения ҰҚШҰ-дан шығуға дайындалып жатыр
ЕРЕВАН. 15 қараша. Ресейдің Таяу Шығыс институтының президенті Евгений Сатановский Арменияның Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымынан (ҰҚШҰ) шығуға дайындалып жатқанын айтты. Бұл туралы армянның News.am сайтына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Саясаттанушы Арменияның енді ұйымда қалмайтыны айта келіп, премьер-министр Никол Пашинянды Украина президенті Володимир Зеленьскиймен салыстырды.
«Менің көзқарасымша, Арменияның ҰҚШҰ-дан шығуы болмай қоймайтын нәрсе, мен бұған бұдан басқа болжам айта алмаймын, себебі, ол енді ешқандай рөл ойнамайды. Демек, Армения – Ресейден, Ресей Армениядан бөлек тіршілік етеді». – деді Сатановский News.am тілшісіне берген сұхбатында.
«Армения күн тәртібі Ресей жұртшылығы үшін аяқталып қалды ма деп қорқамын. Армения мен Ресейдің бұдан арғы қарым-қатынасы қалай болатынын кім айтып бере алады? Ешкім де», – деді ол тағы.
Мұның алдында Армения премьер-министрі Никол Пашинянның 23 қарашада Минскіде өтетін саммитіне қатыспайтыны белгілі болған. Армян үкіметінің басшысы Беларусь президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлескенінде өзінің «отырысқа бара алмайтынын» айтқан екен. Ол сондай-ақ «ұйымдағы әріптестері бұған түсіністікпен қарайды деген үмітте» екенін де жеткізді.
Бір айта кетерлігі, армян тарапы осынығң алдында ҰҚШҰ-ның Бішкекте өткен саммитіне де қатысқан жоқ.
Бұдан бұрын Арменияның Ресейдің орнына қамқор болатын мемлекетті тапқаны жайлы жазылды. Бұдан былай бұл қызметті Франция атқаратыны айтылды. Ереван қару-жарақты енді Парижден сатып ала бастады.