18 Қазан, 18:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Үкімет ұрланған ақшаларды қайтаруға қолдан тосқауыл қойып отыр

Парламенттік тыңдауда көтерілген мәселе (толық нұсқа)

21 Қазан 2023 11:33
- Көзқарас
Үкімет ұрланған ақшаларды қайтаруға қолдан тосқауыл қойып отыр
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Бүгінгі парламенттік тыңдаудың тақырыбы «Халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту және қаржылық сауаттылықты арттыру туралы» деп аталады екен. Қарызға белшесінен ғана емес, кеңірдегінен батқан, қымбатшылық қамыты қылқындырған халыққа жанашырлық ретінде көтерілген мұндай Парламенттік бастаманы қошаметтеуге әбден болады.

Иә, құрметті үкімет мүшелері, сіздер халыққа жанашыр болып, несие алма деп, ақыл айтқыларыңыз келеді. Сіздер қайыршылықтың алдында отырған халықты банкілік қарыздан сақтандырғыларыңыз келеді.

Жөн! Дұрыс! Халыққа жанашыр болу керек! Бірақ қарыз алма деп, ақыл айтып емес, нақты қамқорлықпен жанашыр болу керек! Жұмыссыздықты жою керек, жаңа жұмыс орындарын ашу керек! Қысқасы, көп «керек» керек.

Бірақ аш адамға ақыл жүрмейді! Қымбатшылықтың қамыты қылқындырған халыққа ақыл қонбайды. Үйіндегі үйелмен бала-шағасын суға піскен макаронмен қоректендіруге мәжбүр боп отырған халыққа қандай ақыл айтуға болады?

Запомните, в закредитованности население не виновато само население страны, а виноваты государство и его бездарное правительство, которые загнали народ в такое нищенское состояние.

Сіздер ескі Қазақстанның халық алдындағы қарызын неге іздемейсіздер? «Сауықтырамыз» деп, Ұлттық қордан банкілерге берілген триллиондаған теңге қарызды қайтаруды неге талап етпейсіздер? «Сауықтырамыз» деп, мемлекеттен бөлінге триллиондармен бірге «Казкоммерцбанк» қалайша «Халық банкіне» сіңіп кеткенін тексерген үкімет бар ма?

Сіздер халықтың қарызын емес, бірнеше банкті біріктіріп, қыруар «сауықтыру» қаржысын бір банкіге жинастырып, оның барлығын сыпырып-сиырып алып кеткен Назарбаевтар мен олигархтарға тиесілі банкілерінің халыққа берешек қарызын неге қайтармасқа?

С 2008 по 2020 года в эти финансовые организации вливались триллионы народных денег (вместо помощи армии, школам, медицины и т.п.), а министерства обманывали своими отчетами международные организации типа Worldbank что бы получить сносные оценки. Никто не задавался вопросами, куда пропали деньги вплоть до января 2022 года.

Егер сол триллиондар қайтарылатын болса, халықтың банкілер алдындағы қарызын он есе қайтара жауып тастауға жетер еді. Ал сіздер тіпті ол банкілерді неге «сауықтырғандарыңызды», ол банктер неге «сырқат» бола қалғанын білмейсіздер! Білсеңіздер де, ескі Қазақстанның алдында құйымшақтың астымен демалып, үндеріңіз шықпайды.

Сол қарызды халыққа қайтарайық, әлеуметтік әділеттілікті қалыптастырайық деп, біз ұрланған активтерді қайтару туралы арнайы заң қабылдадық. Қайда сол заңның орындалғаны? Президент Тоқаев мырзаның бұдан бір жыл бұрынғы бастамасы мемлекеттік маңызды науқан ретінде дүркіреп жүріп кеткен жоқ. Дүркіремек түгілі, президенттің активтерді қайтару саясатына саботаж жасалып жатыр деп, жауапкершілікпен айта аламын.

Біріншіден, активтерді елге қайтарумен айналысуы тиіс уәкілетті органның құрылғаны жөніндегі хабарды ақпарат агенттіктерінен ғана естіп отырмыз. Оның құрамы ел президенті тапсырғандай, 130 адам ба, жоқ, қаншасы қырқылып қалды – бұл жөнінде бейхабармыз.

Маған жеткен ақпаратқа қарағанда, оның құрамы 30-40 адамнан аспайды екен. Бұл дегеніңіз – бір министрліктің бір департаментінен немесе бір аудандық әкімдіктің штаттық құрамынан аспайтын аппарат. Мүдделі ведомстволар – Бас прокуратура, «антикор» мен АФМ «ескі Қазақстанның» сыбырлауымен ел президентінің бастамасын су аяғы құрдымға жіберу үшін, осындай қол-аяғы қырқылған құрылым құрған деп білем.

Сіздер халықты қарыз алудан сақтандырғыларыңыз келеді, бірақ ұрланған активтерді қайтару мәселесімен айналысуы керек комитеттің құрылымы жөніндегі ақпаратты депутаттардан және клептократтар ұрлап әкеткен капиталдың қайтуын күтіп отырған халықтан неге жасырып отырсыздар?

Активтерді қайтару жөнінде қоғамға таратылуы тиіс ақпарат неге мардымсыз?

Бүкіл әлемнің қуыс-қуысына, офшорлар мен шетелдік банктердің түкпір-түкпірі түгілі, өз еліміздің ішінде түрлі қитұрқы схемалармен тығылған орасан зор активтерді қайтару ісімен комитеттің осы отыз адамдық кесілген құрамы толық мүмкіндікпен айналыса алады деп ойлайсыздар ба?

Екіншіден, активтерді елге қайтару жөніндегі комиссияның құрамы жалпақ жұртқа неге жарияланбады? «Мы засекретили состав комиссии, чтобы на ее членов не озавывались давление извне» деп міңгірлейді үкімет. Бесіктегі бала сенбейтін былжырақпен халықты алдарқытқыларыңыз келе ме?

За период как минимум два года из Казахстана под предлогом выплаты дивидендов были выведены огромные суммы, которые остались за рубежом, некоторые суммы были заморожены в западных банках, например, в Княжестве Люксембург при переводе на счета в банке в республике Бангладеш.

Біз жуықта сол Бангладешпен және офшорлы Сейшел аралдарымен визасыз режим жөнінде келісім жасастық. Қарызға батқан қай қазақ Бангладешке немесе Сейшел аралдарына қыдырып барады? Баратындар – Қазақстанды тонап, қаржысын осы елдердегі офшорларға тыққан Назарбаевтың олигархтары.

Әлі күнге дейін Біріккен Араб Әмірліктеріне ақша аударылымдары жасалуда. Халықты қарыздан сақтандырғаннан бұрын, сол аударылымдардың тарихын тексеру керек!

Таким образом, я считаю, что правительство САБОТИРУЕТ УКАЗ ПРЕЗИДЕНТА ТОКАЕВА И ЗАКОН РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН О ВОЗВРАТЕ ПОХИЩЕННЫХ АКТИВОВ.

Рақмет!

Ермұрат БАПИ,

Парламент Мәжілісінің депутаты

20.10.2023

 

Таңбалар: Ермұрат Бапиүкіметұрланған ақшалар

Ұқсас мақалалар

Ағат пікірге – адаспас ақиқат
Жаңалықтар

Үкімет құрамы жасақталып бітті: кейбір салаларда министрлер ауысты

03.09.2026
Мемлекет басшысы Құрылтай сайлауынан кейін брифинг берді
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

23.08.2026
Қазақстанда қазақ тіліндегі сапалы контентке сұраныс қарқынды өсіп келеді
Жаңалықтар

Қазақстанда қазақ тіліндегі сапалы контентке сұраныс қарқынды өсіп келеді

17.06.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist