НАТО мен Украина әскерилерді даярлаудың ортақ орталығын құрады
БРЮССЕЛЬ. 13 қазан. НАТО Украинамен бірге талдау, әскери дайындық және оқыту орталығының негізін қалауды жоспарластырып отыр. Бұл туралы The Moscow News дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Альянсқа мүше елдер қорғаныс министрлерінің Брюссельде өткен кездесулері барысында осының жайы да қозғалды.
Орталық Украина мен оның НАТО-дағы одақтастарының ұрыс алаңы мәліметтерін өзара алмасу алаңы болмақ. Альянс өз кезегінде бұл мәліметтерді өзінің оқыту үдерісінде пайдалана алады. Бұдан бөлек, орталықты украин әскерилерін оқытып үйрету үшін пайдалану межеленіп отыр, сондай-ақ мұнда жаңа доктриналар мен тактикалар талданатын болады.
НАТО өкілі орталықтың Украинадағы қазіргі соғыс үшін құрылмайтынын ашып айтты. Бұл жаңа ұйым Украинаның және тұтастай алғанда альянстың ұзақ жылдар қауіпсіх болуы мәселесін қарастырып тұрады. Ол НАТО-ның немесе Украинаның қатысуымен өтетін келешектегі жанжалдар барысында қолдану үшін Ресейдің Украинадағы соғысынан сабақ алуға бағытталады.
Орталық 2024 жылдың соңына қарай іске кіріседі деп жоспарланып отыр.