25 Тамыз, 04:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылорда облысында Тілдер мерекесі кең көлемде аталып өтті

5 Қыркүйек 2023 19:54
- Аймақ, Жаңалықтар
Қызылорда облысында Тілдер мерекесі кең көлемде аталып өтті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 5 қыркүйек. Бүгін Қызылорда қаласында Тілдер күніне арналған «Тіл – татулық тірегі» атты  фестиваль қанат жайды. Бұл  туралы облыстық қоғамдық даму басқармасына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы,  ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен орайластырылған Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесі Cыр өңірінде жоғары деңгейде өтті.

«Тіл – татулық тірегі» атты облыстық фестиваль «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған, Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлы жайлы мазмұнды бейнероликпен басталып, әрі қарай «Ахмет Байтұрсынұлының монологы» атты арнайы әзірленген прологпен жалғасты.

Шарада облыс әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов  құттықтау сөз сөйлеп,  облыстағы бірқатар тіл жанашырлары мен сала мамандарын облыстың Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің, ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің, Тіл саясаты комитетінің Алғыс хаттарымен  марапаттады.

Сондай-ақ, дарабоз ақын, үш мәрте «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов Қырғыз елінің егемендігі мерекесі аясында ақын Молдо Нияз Эрназар Уулуның  200 жылдығына арналған халықаралық ақындар айтысында Бас жүлдені жеңіп алды. Осы ретте жерлесіміздің лайықты жеңісі  мен алған марапатымен құттықтай отырып, аймақ басшысының ұлт тілін ардақтаудағы ерекше үлесіне арналған Алғыс хаты табысталды. Бұдан соң Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Сәдуақас Аңсат  сөз сөйлеп, «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық байқауының жеңімпаздарын және мемлекеттік тілді дамыту бағытында белсенділік танытып жүрген және облыс тұрғындарына қазақ тілінде сапалы қызмет көрсетіп отырған  тіл үздіктерін «Үздік этномәдени бірлестік», «Тіл жанашыры», «Үздік қазақтілді кәсіпкерлік нысан», «Үздік қазақтілді қаржылық ұйым», «Үздік қазақтілді ас мәзірі», «Үздік қазақтілді кәсіпкер», «Үздік қазақ тілді нотариус» номинацияларымен марапаттады.

Фестиваль барысында жиналған қауымға мерекелік шашу ретінде әзірленген концерттік бағдарлама ұсынылып, шара «Жаса, жаса, қазақ тілім!» әнімен аяқталды.

Таңбалар: ҚызылордамарапатТілдер мерекесі

Ұқсас мақалалар

Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды
Жаңалықтар

Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

24.08.2026
Қызылордада «Мерейлі отбасы» байқауының қорытындысы өзінің мәресіне жетті
Әлеумет

Қызылордада «Мерейлі отбасы» байқауының қорытындысы өзінің мәресіне жетті

22.08.2026
Қызылордада үй кезегінде тұрған 90 отбасыға жаңа пәтерлер берілді
Аймақ

Қызылордада үй кезегінде тұрған 90 отбасыға жаңа пәтерлер берілді

22.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist