25 Тамыз, 16:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Пригожиннен «таяқ» жеген Шойгудың төңірегінде жаңа жанжал бұрқ етті

27 Маусым 2023 21:18
- Аймақ, Жаңалықтар
Пригожиннен «таяқ» жеген Шойгудың төңірегінде жаңа жанжал бұрқ етті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 27 маусым. Күні кеше Пригожиннің бүлігінен ең көп зардап шеккен РФ қорғаныс министрі Сергей Шойгудың төңірегінен тағы бір даудың оты қау ете қалды. Бұл туралы ресейлік ресурстардан дерек алған rast.kz хабарлайды.

«Ресейлік БАҚ-тарда Пригожиннің бүлігі төңірегіндегі шулы жанжалдың фонында Шойгудың Рублевкадағы жылжымайтын элиталы мүліктерінің суреттері «су бетіне қалқып» шыға келді», – деп жазды «Агентство» сайты.

Ресей қорғаныс министрі Шойгудың төңірегінен жаңа бір жанжал бұрқ ете қалды – журналистер оның Мәскеу түбіндегі Рублевка аймағынан зәулім сарайын тауып алды. Бұған қоса, «Агентство» тілшілерінің қолдарына министрдің құны әлденеше миллион доллар тұратын кең ауқымды қонысының рәсімдері түсе кетті.

Жарияланған фото-материалдарға қарағанда, үйдің «тыва» стилінде салынғаны аңғарылады. Қалай дегенде де, оның шатыры тыва және моңғол хандары мен кінәздарының құтханаларындағы жабынға ұқсайды.

Зәулім сарайдың ішінде бірден екі бассейн салыныпты, одан бөлек, аквариумдар мен орасан зор камин пеші тұр. Үйдің ішкі жағының бәрі ағашпен апталған. Журналистер сарай суреттеріне қарай отырып, оны «Леонардо Проект» архитектуралық бюросы жасағанын анықтады. Ал үйдің Шойгуге тиесілі екенін таныс архитектор айғақтап берген.

Суреттерді егжей-тегжейлі зерттей келгенде, журналистер жатын бөлмелердің, кітапхананың, сондай-ақ бильярдхана мен холлдың ерекше безендірілгеніне көз жеткізді.

Ресей қорғаныс министрлігінің жемқорлыққа әбден батқаны жайлы көптен бері жазылып келеді. Бұрынғы министрлер мен олардың ойнастары жайлы да талай айтылған. Мұндай «ықыластан» Шойгудың ұлы Сэргек те әсте тыс қалған емес.

Қазір журналистер сол Шойгудың мына зәулім сарайды қай ақшасына салғанын анықтай алмай, дал болып жатыр.

Таңбалар: жанжалжылжымайтын мүлікРублевкаСергей Шойгу

Ұқсас мақалалар

Алматыдағы супермаркетте тілге қатысты шу шығарған әйел жауапқа тартылды
Жаңалықтар

Алматыдағы супермаркетте тілге қатысты шу шығарған әйел жауапқа тартылды

20.06.2026
Семейдегі жанжалдың жалғасы: оны бастаған Карповичтің өзі болып шықты
Жаңалықтар

Семейдегі жанжалдың жалғасы: оны бастаған Карповичтің өзі болып шықты

16.06.2026
Шойгу мемлекеттік төңкеріс жасауды қолға алады деген сөз шықты
Жаңалықтар

Шойгу мемлекеттік төңкеріс жасауды қолға алады деген сөз шықты

04.05.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist