26 Тамыз, 04:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Күштік құрылымдар Пригожинге қарсы қылмыстық істі тоқтатқан жоқ

26 Маусым 2023 20:49
- Жаңалықтар, Құқық
Күштік құрылымдар Пригожинге қарсы қылмыстық істі тоқтатқан жоқ
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 26 маусым. Ресей құқық қорғау органдары «Вагнер» ЖӘК жетекшісі Евгений Пригожиннің қарулы бүлік ұйымдастыруына қатысты қозғалған қылмыстық істі тексеруді бастап кетті. Бұл туралы ТАСС ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Мәнбе Пригожинге қатысты істі тексерудің жалғасып жатқанын растады. «Коммерсантъ» газеті хабарлағандай, Ресей федералды қауіпсіздік қызметі тергеу басқармасының тергеушісі осымен айналысып жатыр», – делінген ТАСС-тың дүйсенбі күнгі хабарламасында.

«Пригожинге қатысты қылмыстық іс тоқтатылған жоқ. Тергеп-тексеру жалғасады», – деді агенттіктің әңгімешісі.

Дүйсенбі, 26 маусым күні таңертең «Коммерсантъ» газеті басты фигуранты Пригожин саналатын қарулы бүлікті ұйымдастыру жөніндегі қылмыстық іс тоқтатылған жоқ, оны Ресей федеральды қауіпсіздік қызметі тергеу басқармасының тергеушісі жалғастырады, деп хабарлады.

«Коммерсантъ» басылымының бас прокуратурадағы мәнбесінің айтуынша, қылмыстық іс қозғау жөніндегі қаулы «әзірге алынып тасталған жоқ», өйткені, «бұған дейінгі өткен уақыт басқаша шешім қабылдауға өте аздық етеді».

Кеше Пригожинге қарсы істің жабылуы Кремльмен келісімде қаралған мәселелердің бір бөлігі болатын. Әуелгіде Ресей президенті Владимир Путин «қарулы бүлікке қатысушылардың барлығы жазадан шет қалмайтынын» айтқан. Алайда Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ЖӘК-нің негізін қалаушы Беларусь президентінің уәжіне құлақ асып, жалдамалылар Мәскеуге жорығын тоқтатқаннан және Дондағы Ростовты босатып шыққанан кейін Пригожинге қарсы қылмыстық істің тоқтатылатынын мәлімдеген болатын. «Пригожиннің Беларуське кете алуына кепіл – Ресей президентінің сөзінің өзі», – деген еді сонда Песков.

Пригожиннің өзі болса, бүліктен кейінгі қорытындыға риза екенін білдірген. «Бүгінгі күн үшін қалыпты нәтиже. Бұл бәрімізді қанаттандырып жіберді», – деді ол америкалық блогер Патрик Ланкастерге.

Осы аралықта мемлекеттік думадағылар Дондағы Ростовта болған ЖӘК жалдамаларының «айып етіп тартатындай ештеңе бүлдірмегендерін» атап өтті. «Олар өз командованиесінің бұйрықтарын орындады. Сондықтан қандай мәселе болуы мүмкін? Оларға қойылатын кінәрат жоқ», – деді қорғаныс жөніндегі төменгі палата комитетінің төрағасы Андрей Картополов.

Алайда оның әріптесі Андрей Гурулев мәселеге бұлайша келуге келіспеді. Оның пікірінше, «вагнерліктер» Ресей авиациясын атып түсіргендері мен қорғаныс министрлігінің солдаттарын өлтіргендері үшін міндетті түрде жауап берулері тиіс. Бұдан бұрын Гурулев «Вагнердің» командирі Пригожин мен қожайыны Уткинді отанын сатқан сатқын санап, оларға атылып өлуге кеңес берген.

Біздің кеше кешке атап өткеніміздей, Евгений Пригожин қазір Мәскеу облысының «Железнедорожный» елді мекенінде орналасқан №35533 әскери бөлім территориясындағы арнайы оқшаулағышта қамауда отыр.

Таңбалар: бүлікЕвгений Пригожинқылмыстық іс

Ұқсас мақалалар

Армения бас прокуратурасы экс-президент Кочарянның үстінен іс қозғады
Жаңалықтар

Армения бас прокуратурасы экс-президент Кочарянның үстінен іс қозғады

25.08.2026
РФ Қауіпсіздік қызметі Пригожиннің қабірін қазуға жақындап қалды
Жаһан

РФ Қауіпсіздік қызметі Пригожиннің қабірін қазуға жақындап қалды

22.05.2026
Кремль Шойгуден қауіптеніп, Мәскеуде интернетті бұғаттап тастады
Жаңалықтар

Кремль Шойгуден қауіптеніп, Мәскеуде интернетті бұғаттап тастады

10.03.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist