Губернатор: «Вагнер» ЖӘК колоннасы Дондағы Ростовтан шығып кетті
ДОНДАҒЫ РОСТОВ. 25 маусым. Ростов облысының губернаторы Василий Голубев Вагнер» ЖӘК колоннасының қаладан шығып, өздерінің далалық лагерьлеріне беттегенін айтты. Бұл туралы «Фонтанка» дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Губернатор оқиғаның бүгін түнде орын алғанын баяндады.
Өңір басшысы «осы өте-мөте күрделі жағдайда Дон астанасы мен бүкіл Ростов облысының өмірлік маңызы бар жүйесінің үйлесімді жұмыс жасауын қамтамасыз еткен» барлық адамдарға өзінің алғысын білдірді.
«Біз Евгений Пригожин мен Александр Лукашенко арасында келісім жасалғаны белгілі болғаннан кейін «вагнершілердің» қаланы тастап бара жатқанын көрсеткенбіз», – деп жазады паблик.
«Вагнер» жеке әскери компаниясының жауынгерлері 24 маусым күні таңертең Дондағы Ростов қаласының орталығына кіріп, әкімшілік ғимараттар мен Оңтүстік әскери округ штабы үйін қоршауға алды. Олар бұл жерде бір күнге жуық уақыт тұрды. Алайда мұнда 20 мыңнан аса жауынгер қалды да, 4 мыңның үстіндегі бөлігі Ресей президенті Владимир Путинмен және қорғаныс министрлігінің басшыларымен есеп айырысу үшін Мәскеуге қарай жол тартты. РФ президенті мұны «сатқындық» деп бағалады. ФСБ бүлік көтерді деген айыппен Пригожиннің үстінен қылмыстық іс қозғады.
Өз кезегінде Пригожин Кремль диктаторының айыптауын қабылдамады, ол өздерінің нағыз патриот екендерін, елді жемқорлыққа батырған сатқындардың билік басында екенін ашып айтты. Путиннің Донбасқа байланысты айтып жүрген әңгімелерінің бәрі өтірік екенін де оның бетіне басты. Мұның бәрін ол Украинаға соғыс ашу үшін әу басынан әдейі таратып, Ресей халқын осыған иландыруға тырысқан. Ол осы сөздің ыңғайында Путинді «сілімтік» («подонок») деп атады.
Ресей президентінің баспаөз хатшысы Дмитрий Песков түнде «РИА «Новости» агенттігіне берген сұхбатында Евгений Пригожиннің үстінен қозғалған қылмыстық істің тоқтатылатынын айтты.
Песков енді Пригожиннің «Беларуське кететінін» атап өтті. Бірақ оның бұл елде немен айналысатынын айтпады.
Кремль спикері Владимир Путин мен Александр Лукашенко арасында болған таңертеңгі әңгіме барысында Беларусь президентінің жағдайды реттеу үшін барын салатыны жайы айтылғанын растады.
«Александр Григорьевичтің Пригожинмен көптен бері жеке таныстығы бар, бұл оның жеке бастамасы болды, Путин онымен келісті. Біз Беларусь президентіне жағдайды бұдан әрі шығынға апармай және айрықша дүрбелеңге жеткізбей шешу үшін барын салғаны үшін ризамыз. «Вагнердің» өз лагеріне оралатыны жөнінде келісім болды. Олардың бір бөлігі, қалаушылар болса, қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отыра алады», – деді Песков.
Енді өз тарапымыздан бір ауыз сөз:
ПРИГОЖИН ҮЛКЕН АҚЫМАҚТЫҚ ЖАСАДЫ. ҚОРҚАҚ АДАМДАР ӨТЕ КЕКШІЛ КЕЛЕДІ, ОЛАР ӨЗДЕРІНЕ ЗӘБІР БЕРГЕНДЕРДІ ҰМЫТА АЛМАЙДЫ: ПУТИН ОНЫ ҰЗАТПАЙ ҚҰРТҚЫЗЫП ЖІБЕРЕДІ.
Rast айтамыз