Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Зеленьский қарсы шабуылдың неге баяулап қалғанын түсіндірді

КИЕВ. 21 маусым. Украина президенті Володимир Зеленьский қарсы шабуылдың неге ауыр жағдайда жүріп жатқаны жайын айтып берді. Бұл туралы «Украинская правда» дерегіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

«Кейбіреулер Украинаның шабуылы нәтижесін қазір бірден көрініп тұратын «Голливуд фильмдері» деп ойлайды», – деді Зеленьский ВВС тілшілеріне берген сұхбатында.

Қазір Украина Қарулы күштері қарсы шабуылының «баяу жүруіне» бірінші кедергі РФ әскерлерінің шегініп бара жатып, артта қалған жерлердің бәріне мина қойып кетуі болып жатыр. Оның аумағы Украина территориясының 200 мың шаршы шақырым аумағын алады.

Президенттің айтуынша, Украинаның әскери-саяси басшылығы кейбіреулердің тілектерін тыңдап, қысымдарына ықпалына түсіп кетіп жатпайды, яғни, сырттағы жұрттың айтқанымен жүрмейді.

«Біз ұрыс даласымен өзіміз қажет деп тапқан деңгейде ілгері жылжып отыратын боламыз», – деп атап өтті Зеленьский.

Сол аралықта CNN украин пилоттарының Батыстан қазіргі заманғы соғыс ұшақтарын беруді өтініп жатқанын жазды.

Ұшқыштардың айтуларынша, қазір Украинада қолданылып жүрген кеңестік Су-25 алдыңғы қатарла радарлармен және алыс қашықтықты ракеталармен жабдықталған ресейлік Су-35-пен салыстыруға да келмейді.

Егер Украина Қарулы күштерінде қазіргі заманғы соғыс ұшақтары, мысалы, F-16 истребительдері болса, олардың шабуылдары әлдеқандай қуатты болар еді.

Қазір Украина әскерлері Мелитополь және Бердянск бағыттарында шабуылды жалғастырып жатыр. Ал Ресей әскерлері Луганск және Донецк облыстарының әкімшілік шекарасына шығуға тырысып бағуда. Бірақ украиндар тарапынан тосқауылға тап болып тұр.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button