17 Қазан, 12:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Өткен жылы Сыр өңіріне 400 млрд теңгеден аса инвестиция тартылды

7 Маусым 2023 18:51
- Дәулет, Жаңалықтар
Өткен жылы Сыр өңіріне 400 млрд теңгеден аса инвестиция тартылды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 7 маусым. Қызылорда облысына 2022 жылы 400 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, аталмыш сала бойынша еліміздің кеуде қатарынан табылды. Бұл туралы Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының дерегіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осының жай-жапсарын тарқатып айтты.

Өңір көшбасшысы өзінің осында жасаған баяндамасында 2022 жылы Сыр бойы аумағында атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта қолға алынатын жобалар жайына кеңінен тоқталды.

«Президент пен Үкіметтің Сыр өңірін ерекше қолдауының арқасында тың жобалар жүзеге асуда. Облыс 2023 жылдың 4 айының қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық дамудың макрокөрсеткіштері бойынша оң динамикаға қол жеткізді, – деді Нұрлыбек Машбекұлы өзінің сөзінде. – Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1,6, өңдеу өнеркәсібінің көлемі 1,9 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі 2,4, сауда көлемі 2,5, инвестициялар тарту 42,1 және құрылыс жұмыстарының көлемі 44 пайызға артты».

Әкімнің айтуынша, бүгінгі таңда облыс бюджеті 593 млрд. теңгені құрайды, бұл – 2022 жылғы бюджетпен салыстырғанда (387,3 млрд теңге), 205 млрд 700 млн теңгеге, яғни 53 пайызға артық. Бюджеттің 64 пайызы немесе 378,6 млрд теңгесі әлеуметтік салаға бағытталып отыр.

Өнеркәсіп өндірісінің 70 пайызға жуық үлесін алатын тау-кен секторында мұнай өндіру қордың сарқылуы салдарынан 2013 жылдан бері 6,5 млн. тоннаға азайған. Мәселен, 2013 жылы 10,5 млн. тонна мұнай өндірілсе, 2022 жылы оның көлемі небәрі 4 млн. тонна болған.

Қазір жаңа кен орындарын игеру үшін «Шу-Сарысу» бассейнінде жүргізіліп келген геологиялық-геофизикалық зерттеу жұмыстары аяқталып, Арал бассейнінің «Батыс» және «Шығыс» бөлігінде жалғасып жатыр.

Нұрлыбек Нәлібаев бұдан бөлек, өңірде шикізатқа тәуелділікті азайту үшін экономиканы әртараптандыруға бағытталған жобаларды іске асыру жалғасын табатынын баяндады. Атап айтқанда, индустрияландыру аясында өңірде құны 607,7 млрд теңгені құрайтын 34 жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалар 6,3 мың адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік бермек.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Жалпыұлттық бірыңғай жобалар пулы қалыптасып, оған құны 907 млрд. теңгеден асатын 36 жоба енгізілді. Өткен жылы құны 5,1 млрд. теңге болатын 4 жоба іске қосылды. Олар – «Үй құрылысы комбинаты», «350 орындық мектепті кеңейту», «Балық өңдеу цехы», «Көкөніс сақтау қоймасы» жобалары. Биыл Сыр өңірінде құны 13,4 млрд. теңгенің 9 жобасы жүзеге асырылады. Бұл өңірге инвестиция тарту қарқынын арттыруға мүмкіндік береді», – деді Қызылорда облысының әкімі бұдан әрі.

Айрықша атап өтуіміз керек, 2022 жылы Қызылорда облысы инвестиция тарту қарқыны бойынша республика көлемінде алдыңғы қатардан көрінді. Өңір экономикасына 409,5 млрд. теңге инвестиция салынып, облыс еліміз бойынша 1-орынға шыққан. Ал биыл өңірге инвестиция тарту көлемін 424 млрд теңгеге дейін жеткізу межеленіп отыр.

Таңбалар: инвестицияҚызылорда облысыНұрлыбек Нәлібаев

Ұқсас мақалалар

Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті
Әлеумет

Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті

15.10.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Алматы облысының жолдары жағдайымен танысты
Әлеумет

Нұрлыбек Нәлібаев Алматы облысының жолдары жағдайымен танысты

10.10.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Алматыда ірі жобалардың орындалу барысымен танысты
Дәулет

Нұрлыбек Нәлібаев Алматыда ірі жобалардың орындалу барысымен танысты

08.10.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist