25 Тамыз, 23:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Алматыда «Алтын орда» базары директорының орынбасары ұсталды

3 Маусым 2023 15:37
- Жаңалықтар, Оқиға
Алматыда «Алтын орда» базары директорының орынбасары ұсталды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 3 маусмым. Алматыдағы «Алтын орда» базары директорының орынбасары ұсталды. Бұл туралы бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Алматының іргесіндегі базардың төңірегінде баяғыдан әңгіме көп. Оның алдын «бұрынғының бауыры» Болат Назарбаевтың меншігінде екені айтылатын. Қазір қожайыны өзгерген сияқты.

Базардың ішкі қалтарыс жағын айтпағанда, сыртқы ауласында да қалыптасқан тәртіп жоқ. Онда көліктер қалай болса солай қойылады, олар жүргіншілерге арналған жолақты алап біткенді басып алып қойып жатады.

Тексерсе, оның ішінде де былық жеткілікті болуы керек.

Базар директорының орынбасарын ұстау кеше, 2 маусымда жүзеге асырылыпты. Соның сәл алдында Қарасай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне BMW көлігінде отырған қарулы адамдар туралы ақпар келіп түскен. Олардың арасында «Алтын Орда» әмбебап базары директорының орынбасары да болған.

Полиция баспасөз қызметінің ақпарына қарағанда, ішкі істер органдары бұл дерек негізінде «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» (Қылмыстық кодекстің 287-бабы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Алайда базар баспасөз қызметі қамауға алынған күзетшілердің қару ұстауға рұқсаттары бар екенін айтып отыр.

Басылым базарды рейдерлік жолымен басып алу әрекеті жасалған болуы мүмкін екенін алға тартады.

ҚазТАГ бұдан бұрын онда 300-ден аса тәртіп бұзушылықтың анықталғанын жазған еді. Премьер-министр Әлихан Смайылов базардың іс-әрекетіне бақылау жүргізуді ұйымдастыруды тапсырды.

Еске сала кетейік, 2023 жылғы қаңтарда «Алтын орда» базарының бұрынғы басшылығына алаяқтық ісі бойынша халықаралық іздеу жарияланды.

Таңбалар: Алтын Ордабазарбасшы орынбасары

Ұқсас мақалалар

Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі
Жаңалықтар

Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі

20.05.2026
Тоқаев Қазақстанды Алтын Орданың мұрагері деп жариялады
Жаңалықтар

Тоқаев Қазақстанды Алтын Орданың мұрагері деп жариялады

19.05.2026
Әнипа Назарбаеваға қатысы бар компания ісінде сот үкімі шықты
Жаңалықтар

Әнипа Назарбаеваға қатысы бар компания ісінде сот үкімі шықты

21.07.2025
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist