18 Қазан, 00:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мектеп оқушысы өзімен амандаспағаны үшін қатарын ұрып өлтірді

30 Мамыр 2023 14:31
- Жаңалықтар, Оқиға
Мектеп оқушысы өзімен амандаспағаны үшін қатарын ұрып өлтірді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ОРАЛ. 30 мамыр. Батыс Қазақстан облысының Щапов ауылында бір мектеп оқушысы өзімен дұрыстап амандаспаған қатарласын соққы жығып, оның өліміне себепші болды. Бұл туралы «Уральская неделя» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Сенбіден жексенбіге қараған түні, 28 мамырда, сағат 01:28-де Оралдағы көп бейінді балалар ауруханасына Щапов кентінен 9 сынып оқушысы жеткізілді, ол есін жимаған күйі қайтыс болады. Кейінірек сол мектептің марқұм жасөспіріммен жанжалдасып қалған оқушысы ұсталды, қайтыс болған жасөспірімді жанжал барысында кеудесінен ұрған сол болып шықты», – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда полиция Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлімі («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Аталмыш баптың санкциясы үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сонша мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

Щапов кентінің мұғалімдері қаза тапқан жасөспірімнің 9 сыныпта, ал ұсталған баланың 8 сыныпта оқығандарын айтып отыр.

28 мамыр, сенбі күннің кешінде бір топ жас, негізінен жергілікті мектептің оқушылары обелиск жанында бас қосады. Арада біршама уақыт өткеннен кейін жоғарыда аталған екі баланың арасында сөзбен қағысу орын алады. Оның барысында 8 сынып оқушысы 9 сынып оқушысын кеудесінен ұрады.

– Соққы алған бала бірден әлсіреп, демалысы қиындап, тұншыға бастайды. Жанында тұрған басқа оқушылар оған су әкеліп береді, тағы біреулері баланың ата-анасына хабар салады. Оқиға болған жерге анасы келгесін, бірден «Жедел жәрдем» шақыртады, – дейді мектеп мұғалімдері.

Бірақ бұл оқиғаның бұдан басқа да желісі бар. Мысалы, «Астана» телеарнасында ол мүлде басқаша реңкте баяндалады. Ондағы оқиға куәгерлерінің айтуынша, марқұм болған жасөспірім өзіне соққы жұмсайтын балаға «дұрыстап» амандаспаған сияқты. Соны місе тұтпаған жеткіншек оған бірден жұдырық сілтейді. Соққының қатты тигені сондай, 9 сынып оқушысы Дияр Досқали тілге келмей, көз жұмды.

Сол жерде тұрған Дияс деген баланың айтуынша, ауыл балалары оларды оңаша жерге шақырған көрінеді. Осыдан кейін сөзбен тиісіп, қол көтерген.

«Қасымдағы бір бөлем дұрыстап амандаспады деп 10 сыныптағыларға айтқан ғой, «мыналарды ұрыңдар, дұрыстап амандаспайды» деп. Сол үшін бізге келді. Мені, Диярды, сосын Айбол деген бөлемді ұрды. Мені ұрған 1-курстың студенті», – дейді марқұмның туысы Дияс Досқали.

«Әңгіменің басы бізге келгенде, «неге ассалумағалейкум айтпадың» дегендей сөзден басталған. Қатты соққының даусы естілді дейді. содан жүрелеп отырып, сосын шалқасынан құлаған. Кінәлау қиын, бірақ жаңағы соққы жасаған баланың сондайы барын там-тұмдап естиміз», – дейді марқұмның туысы Махмұд Бекқұлов.

Қорғансыз балаларды осылай қорлағандар жерге құлаған Диярдың есін жиғызуға тырысады. Бірақ мұны үлкендерге айтпаған. Осы қарбалас кезде Диярды ұрған жасөспірім қашып кетіпті. Ал ата-анасына хабарласқанда бәрі кеш болды дейді туыстары.

«Бетіне су құйғанда мұрнына су кетіп қалып, тұншығып қалды ма, дұрыс көмек бермеген басында. Жазалануы керек бәрі! 7-8 бала болған ғой. Бірақ жіберіп тұрған баланың өзі болмаған. Өзі қазір телефонын алмайды, ештеме істемей отыр», – дейді марқұмның туысы Салтанат Абаева.

Диярдың қайғыдан қан жұтқан туыстары істің әділ тергелуін талап етіп отыр. Өйткені, әлімжеттік көрсеткен оқушылардың бірі бұрын күреспен айналысқан, ал енді бірі студент көрінеді. Ал мектептегілер шәкірттеріміздің бәрі де үлгілі деп ақталған.

 

Таңбалар: жасөспірімОралөлім

Ұқсас мақалалар

Арал ауданында демалыста жүрген полиция қызметкері өлтірілді
Жаңалықтар

Арал ауданында демалыста жүрген полиция қызметкері өлтірілді

01.09.2026
Шиелідегі арықтан бір қыз баланың өлі денесі табылды
Жаңалықтар

Шиелідегі арықтан бір қыз баланың өлі денесі табылды

06.06.2026
Немцовтың қарақшылар қолынан қаза тапқанына 11 жыл болды
Жаңалықтар

Немцовтың қарақшылар қолынан қаза тапқанына 11 жыл болды

27.02.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist