Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Ұлы өзінің туған әкесін қайшымен тамағынан ұрып, турап тастады

САМАРҚАНД. 17 мамыр. Ұлы өзінің туған әкесінің тамағына қайшыны бойлата сұғып өлтірді. Ол шешесінің тартқан азабының кегін осылай қайтарды. Бұл туралы Podrobno.uz дерегіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Қайғылы оқиға Самарқанд облысының Нұрабад ауданында орын алды.

Анасы қайтыс болғаннан кейін 27 жастағы жігіт қатты күйзеліске түсіп, ішкі күйігін ішімдікпен басып жүрді. Ол ішіп келген сайын шешесіне тірісінде азар беріп, күн көрсетпеген әкесін кінәлайтын болды. Осының салдарынан туындап тұратын жанжал жиілей түсті. Сондайда әкесінің баласынан қашып, жасырынатын сәттері де кезікті.

Кейінірек ұлы әкесіне қоқан-лоққы жасап, о дүниеге аттандыратынын да айта бастады. Өкінішке қарай, бұл қанды оқиға көп күттірмей келіп жетті.

2022 жылғы 18 желтоқсанда жігіт таң азаннан арақ ішуді бастайды. Кешке ол тағы да кезекті жанжал шығарады. Сол кезде ол әкесіне бірнеше соққы беріп, бірнеше тісін ұшырып түсіреді. Содан кейін оны тұншықтыруға кіріседі. Ал әкесі жерге құлап қалған пәйтте ол қолына қайшы алып, тамағына бойлата кіргізеді.

Осылайша туған ұлынан ажалы келген зардап шегуші ауруханада жантәсілім етеді.

Сотталушы Қылмыстық кодекстің 97-бабы 2-бөлігінің «в», «ж» тармақтары (қасақана кісі өлтіру) бойынша айыпталып, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button