25 Тамыз, 12:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Президенттен жазушы Есенберлинге Халық қаһарманы атағын беру сұралды

15 Мамыр 2023 21:58
- Жаңалықтар, Руханият
Президенттен жазушы Есенберлинге Халық қаһарманы атағын беру сұралды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 15 мамыр. Белгілі ақын Олжас Сүлейменов Президентке жазушы Ілияс Есенберлинге Халық қаһарманы атағын беруді сұраған үндеу жолдады. Бұл туралы ҚазТАГ дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ақын-жазушы Олжас Сүлейменов мұны қазақ тарихының қыртысын қопарып шыққан романшы қаламгердің халықтың нағыз адал перзенті болғанымен байланыстырады.

«Өзіңізге де белгілі, Ілияс Есенберлин күрделі коммунистік режимнің кезінде 20 жылдан астам уақыт бойы тарихи еңбектерді, жылнамаларды, халық эпостары мен аңыздарын терең зерттеу арқылы қазақ халқының ерлікке толы тарихи өткен кезеңі туралы «Көшпенділер» және «Алтын Орда» эпикалық трилогияларын жазып шығып, іс жүзінде азаматтық ерлік жасады. Бұл туындылар, сөз жоқ, қазақ ұлтының және бүкіл Қазақстан халқының тарихи сана-сезімдері қайта жаңғыруына үлкен үлес қосты», – деп жазады Олжас Сүлейменов.

Қоғам қайраткері сонымен бірге кезінде Есенберлиннің туындылары лайықты бағаланбағанын, жазушының шын мәнінде ешқандай марапаттар алмағанын атап өтеді.

Ілияс Есенберлин 1915 жылы Атбасарда туған, 1983 жылы Алматыда қайтыс болған. Бала жасында жетім қалып, балалар үйінде тәрбиеленген. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, ауыр жарақат алған. 1951 жылы өзінің үйіне АЛЖИР-де отырып шыққан қайын енесін тұрғызғаны үшін сотталып кетіп, жазасын Түрікменстандағы Қарақұм каналын қазу жұмыстарында өтеген. Кейін одан сотты болғаны алынып тасталған.

Ілияс Есенберлин әдебиеттегі жолын өлең жазудан бастаған, кейінірек, түрмеден босап келгесін негізінен қазақ халқының өткені жайлы тарихи романдар жазуға кіріскен.

Кеңес Одағы кезінде, 1980 жылы «Көшпенділері» Лениндік сыйлыққа ұсынылған. Бірақ Қазақстаннан көре алмаушылар тарапынан қаптап барған арыз-шағымдардың кесірінен бұл атақтан құр қалған.

Таңбалар: Ілияс ЕсенберлинОлжас СүлейменовХалық қаһарманы

Ұқсас мақалалар

Сабақтың санатынан шығып қалған шапалақ
Жаңалықтар

Сабақтың санатынан шығып қалған шапалақ

12.08.2026
Генерал Сәт Тоқпақбаев «Халық қаһарманы» атағын алды
Жаңалықтар

Генерал Сәт Тоқпақбаев «Халық қаһарманы» атағын алды

10.09.2024
Жазушы Ілияс Есенберлиннің түбіне жеткен кім?
Жаңалықтар

Жазушы Ілияс Есенберлиннің түбіне жеткен кім?

18.05.2023
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist