Батыс Қазақстанда тікұшақ апатында қаза тапқандар есімдері анықталды
ОРАЛ. 24 ақпан. Батыс Қазақстан облысында жерге қатты келіп соғып қирап, апатқа ұшыраған тікұшақ ішінде кімдердің болғандары айтыла бастады. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.
«Батыс Қазақстан облысында «Казавиақұтқарушы» компаниясының қираған тікұшақ экипажының аты-жөндері және компанияның «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамымен жасасқан келісімшартының сомасы белгілі болды», – делінген хабарламада.
Мұнай құбырларын әуеден тексеріп шығу рейді «ҚазТрансОйл» АҚ мен «Қазавиақұтқарушы» АҚ арасында 2021 жылы 28 желтоқсанда (үш жылдық мерзімге) жасалған жалпы сомасы Т2 609 269 534 тұратын келісімшарттың негізінде жүзеге асырылған. Әуеден тексеру алдын ала берілген тапсырысқа сәйкес жүргізілген. Ақы төлеу жұмыс атқарылып болғаннан кейін төленуге тиіс болған.
ҚазТАГ қолға түсірген мәліметтерде осылай жазылған.
Осы құжатқа сай, төмендегі тұлғалар қаза тапқан:
– әуе кемесінің командирі Қанатов Д.С.;
– екінші пилот Афанасьев В.К.;
– борт-механик Андосов С.Ш.;
– инженер Досқалиев Ж.К.
Зардап шеккендер қатарында мына кісілер бар:
– «Қазавиақұтқарушы» АҚ инженері Щеглов С.С;
– «ҚазТрансОйл» АҚ желілік тұрба салушысы Ерғалиев С.А.
Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілгесін, Оралдың көп бейінді ауруханасына жеткізілген.
Тікұшақ «Өзен-Атырау-Самара» магистральды мұнай құбырын әуеден жоспарлы тексеру үшін ұшып шыққан. Апат Орал қаласынан шамамен 54 шақырым жерде, Бейбітшілік және Чапурино елді мекендерінің ортасындағы далалық алқапта орын алған.
Ұшақ Атырау қаласына қайтып келе жатқан.
Қазір апат фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу көлік прокуратурасының бақылауымен жүргізіліп жатқаны айтылды.