25 Тамыз, 14:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Алматыда тағы бір фельдшер қыз қызмет үстінде қаза тапты

3 Желтоқсан 2025 20:50
- Жаңалықтар, Оқиға
Алматыда тағы бір фельдшер қыз қызмет үстінде қаза тапты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 3 желтоқсан. Алматыда тағы бір 23 жастағы фельдшер қыз өз қызметін атқару кезінде жантәсілім етті. Бұл туралы Sn.kz ақпарына rast.kz хабарлайды.

Алматыда желтоқсанның 3-іне қараған түні медициналық «жедел жәрдем» көлігінің қатысуымен жол оқиғасы орын алып, ол сол машинадағы фельдшер қыздың қаза табуымен аяқталды. Оқиғадан кейін ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген фельдшер тілге келместен қайтыс болып кетті.

Қайғылы оқиғаға байланысты Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Facebook әлеуметтік желісінде жазба жариялап, онда марқұмның отбасына және жақындарына көңіл айтты.

«Жедел медициналық жәрдем фельдшері Насиба Мұхтарқызы Жаңабаеваның қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқаны туралы қаралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым, – деп жазды министр. – Насиба небәрі 23 жаста еді, төрт ай бұрын ғана Алматы қаласының «жедел жәрдем» қызметіне жұмысқа тұрған болатын. Осы қысқа уақыт ішінде ол өз міндетіне жауапты, адал, жанашыр, әрқашан көмек көрсетуге дайын медицина қызметкері ретінде танылды. Насиба Мұхтарқызының туған-туыстарына, жақындарына, әріптестеріне және Алматының бүкіл медициналық қауымдастығына қайғырып көңіл айтамын».

Оқыс оқиға түнгі сағат шамамен 00:40-та орын алған. «Жедел жәрдем» каретасы қаланың Алатау ауданында бұрылыс жасаған кезде оған қарсы бағыттан келе жатқан Kia маркалы көлікпен келіп соққан. Соққы салдарынан екі көліктің жүргізушілері мен жолаушылары жарақат алған. Ал ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген 23 жастағы фельдшер бірнеше сағат өткен соң алған жарақатынан көз жұмған.

Полиция бұл фактіге қатысты адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бабы бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Қазір апаттың барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада тағы бір 23 жастағы фельдшер – Ұлдана Мырзуан – көп қабатты үйдің қаптамасы опырылып үстіне құлауына орай ауыр жарақат алып, тілге келместен ауруханада жантәсілім еткен еді.

Таңбалар: Алматыапатжедел жәрдемқазафельдшер

Ұқсас мақалалар

Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды
Жаңалықтар

Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

24.08.2026
Алматыда құны 5 млн теңгелік омыртқа оталары тегін жасалады
Әлеумет

Алматыда құны 5 млн теңгелік омыртқа оталары тегін жасалады

22.08.2026
Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық
Жаңалықтар

Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

21.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist