Бішкекте ұлт аралық наразылық алауыздық тудырған ресейлік ұсталды
БІШКЕК. 17 қаңтар. Қырғызстан астанасында әлеуметтік желідегі жарияланымдары арқылы ұлт аралық алауызықты қоздырып жүрген ресейлік белсенді қамауға алынды. Бұл туралы The Insider хабарлады.
«Бішкекте жергілікті милиция ресейлік белсенді Тимофей Илюшинді ұстады. The Insider тілшісіне «Кылым шамы» құқық қорғау орталығының басшысы Гулшайыр Абдирасулова айтып бергендей, ресейлікті қылмыстық іс бойынша тергеу күтіп тұр: күштік құрылымдар әлеуметтік желіде жариялаған жарияланымдарымен ұлт аралық алауыздықты тұтатты деген айып тағуда.
Абдирасулованың айтуынша, осының алдында «Кылым шамының» құқық қорғаушылары Илюшинге саяси тұтқындарға қолдау көрсету сипатында шеру өткізу мәселесі бойынша кеңес берген екен. Ал 17 қаңтар күні ресейлік орталыққа қоңырау шалып, пәтерінің есігін милиционерлер қағып тұрғанын жеткізген. Содан кейін заңгер оның пәтеріне келген. Бірақ ол келгенге дейін тәртіп сақшылары «оны үйден алып кетіпті».
Абдирасулова құқық қорғаушылардың Илюшинді босатып алуға қол жеткізуге тырысатындарын айтты. «Оған енді біздің елден тез кетіп қалуға тура келеді, бірақ оған қылмыстық іс таңылса, оның арты жақсы болмайды», – деді ол. Егер атап көрсетіліп отырған бап бойынша сотталатын болса, оған 8 жылға дейін түрмеде отыру жазасы кесіледі.
Sota сайтының хабарлауынша, Жаңа жыл күнгі түні Илюшиннің Мәскеудегі пәтеріне тінту жүргізілген. Сол кезде белсендінің әжесі полицейлер тарапына едәуір қысым көрген. Ал Илюшин Ресейден маусым айында кетіп қалған екен. Соған қарағанда, Илюшин жөнінде Мәскеуден қырғыз милициясына арнайы тапсырма-өтініш келген сияқты.