24 Тамыз, 23:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сауда орнында қазақша сөйлеген сатушыны тілдеген әйел жауапқа тартылады

19 Маусым 2026 22:11
- Жаңалықтар, Қайнар
Сауда орнында қазақша сөйлеген сатушыны тілдеген әйел жауапқа тартылады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 19 маусым. Алматыдағы Small сауда орталығында мемлекеттік тілдің қолданылысына байланысты ұлтаралық араздықты қасақана қоздырған әйелге қарсы қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы әлеуметтік желідегі деректерге сүйенген rast.kz хабарлайды.

Осы көріністі жанжал шығарушы әйелдің өзі түсіріпті. Видеодан оның өктем сөйлеп, сатушы қызды жерден алып, жерге салып жатқаны айқын көрініп те, естіліп те тұр. Ол «Мен сенің тіліңді түсінбеймін, мен саған «дұрыс» тілде – орысша сөйле деп тұрмын» деп тепсініп, айқай салып, қоятын емес. Сонда оның «дұрыс емес» тіл деп тұрғаны – Қазақстанның мемлекеттік тілі. Ал оны айтқан «Лариса Л» деген аккаунт иесі – Алматы қаласының 64 жастағы тұрғыны, Қазақстан азаматы Галина Лисс деген әйел болып шықты.

Осы дөңайбаттық пен дөкірлік, менмендік пен өктемдік астасқан арандатушылық фактісі әлеуметтік желіде үлкен резонанс туғызды. Онда комментарий жазып жатқандардың бәрі арандатуды көздеуші әйелді жаппай айыптады.

Мысалы, Сұлтан Иқанұлы есімді блогер: «Егер қызметші тек қана мемлекеттік тілді білетін болса және әдейі жасалған арандатуға бола, ол орыс тілін үйренуге міндетті болмаса, одан орыс тілінде қызмет көрсетуді талап етушілікке сіз қалай қарайсыз? Осыны талап етіп отырған ҚР азаматының өзі мемлекеттік тілді білмесе, неге ҚР азаматтарының бәрі соған бола, орыс тілін үйренуге тиіс?», – деп жазды. Ол сөзінің соңында «22.08.1964 жылы туған, Алматыда тұрушы азаматша Лисс Галина Николаевнаны ұлтаралық/тілдік алауыздық тудырғаны, тілдік белгі бойынша кемсітушілік жасағаны (ҚР Конституциясының 14-бабы) және қоғамдық орында Small сауда желісінің қызметшісіне қатысты сыйламаушылық әрекеті үшін жауапқа тартуды» сұрады.

Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов: «Роликтің авторы, Алматы тұрғыны Лариса Л.-ды (аккаунтына солай қол қойған) араздық тудырғаны үшін жауапкершілікке тарту қажет. Ешкімнің де тіл тақырыбында алып-сатарлық жасауына жол беруге болмайды. Біздің елімізде тұрақтылық – әрбір адамның жауапкершілігі. Сатушы қыз мемлекеттік тілде, барынша сыпайы да толық жауап беріп тұр. Бірақ ролик авторы одан «дұрыс» орыс тілінде жауап беруді талап етеді. Бұл, ең кем дегенде, – мемлекеттік тілді кемсіту. Шын мәнінде Конституция бойынша, сауда орындарында орыс тілінің болуы міндетті емес. Шын мәнінде қазір тіл мәселесінде проблема жоқ – автор видео түсіріп тұрған телефонның базалық қосымшалар тізбегінде дауыстық аудармашы бар. Сондықтан ол ешкімнің рұқсатынсыз көріністі түсіріп, оған лас комменттерін жаза бастағаннан гөрі, онлайн режиміне жедел көше салуына әбден болатын еді ғой», – деп атап көрсетті. Демек, оған керегі арандату ғана болған.  Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 35 жыл толған уақытта оның сол мемлекеттің заңды түрдегі мемлекеттік тілін менсінбей, қорлауы барып тұрған астамшылық пен басқыншылықтың қаны шығып тұрған келеңсіз көрінісі болмақ. Бұған құқық қорғау органдары жедел араласып, оның заңды бағасын беруге тиіс.

Соңында мәжілісші де Алматы қаласының полиция департаментінен Small супермаркетінде орын алған құқықтық тәртіп бұзушылыққа көңіл бөлуді өтінеді. Сонымен бірге бұған ҚР Бас прокуратурасының назар аударуын сұрайды.

Арада біршама уақыт өткеннен кейін Мұрат Әбенов Алматы қаласы полиция департаментінің аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғағанын желіде жариялады.

Таңбалар: АлматыЛисссупермаркетұлт аралық алауыздық

Ұқсас мақалалар

Алматыда құны 5 млн теңгелік омыртқа оталары тегін жасалады
Әлеумет

Алматыда құны 5 млн теңгелік омыртқа оталары тегін жасалады

22.08.2026
Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық
Жаңалықтар

Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

21.08.2026
Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті
Әлеумет

Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

20.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist