Франция соты Мұхтар Әбіләзовті босқын статусынан түбегейлі айырды
ПАРИЖ. 9 желтоқсан. Қазақстанның қашқын банкирі Мұхтар Әбіләзов Франция сотының шешімімен босқын мәртебесінен біржола айырылып қалды. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.
«Француз соты 8 желтоқсанда Әбіләзовті Франциядағы саяси баспанасынан айыру жөніндегі шешімге банкирдің өкілдері берген апелляцияны қарамай тастады. Босқындар құқы жөніндегі ұлттық соттың 2020 жылғы шешімімен Әбіләзовке саяси баспана берілген еді. Енді апелляциялық инстанциядан бас тарту алған банкир Францияда саяси баспанада болу мүмкіндігінен айырылды», – делінген хабарламада.
Бұдан кейін Әбіләзовті Франциядан шығарып жіберу немесе экстрадиция жасау күтіп тұр.
Еске сала кетейік, Қазақстаннан қашып кеткен Әбіләзовке қарсы іс 2009 жылы қозғалған болатын. Оған Интерпол желісі бойынша халықаралық іздеу жарияланды.
2013 жылғы шілдеде олигарх Франция территориясында тұтқынға алынды. Оны экстрадация жасауға бір мезгілде Ресей мен Украина қол жеткізді. Нәтижесінде басыңқылық Ресейге берілді. Осыдан кейін Әбіләзов Францияның мемлекеттік кеңесіне өтінішхат жолдап, өзінің экстрадиция жасалу үдерісін тоқтатты.
Мұхтар Әбіләзов Қазақстанда өмірлік бас бостандығына айырылу жазасына кесілген болатын. Ол тапсырыспен кісі өлтіру, өзгенің мүлкін талан-таражға салу және басқа да қылмыстар бойынша айыпты деп танылды.