Қытай Ресейдің сақтандыруы бар кемелер үшін порттарын жапты
БЕЙЖІҢ. 30 қараша. Қытай билігі Ресей Федерациясының сақтандыру сертификаттарын алған, Ресейдің жалауы бар кемелерді өз порттарын кіргізуді тоқтатты. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.
Еуропаға барудан бас тартып, жүктерін Азияға қарай аттандырған ресейлік мұнайшылар мен көміршілердің «Шығыс экспресі» Қытайда күтпеген жаңа проблемаларға кезікті. «ҚХР билігі Ресей сақтандырушылары сақтандырған ресейлік жалаулары бар кемелердің сақтандыру сертификаттарын мойындамайды», – деді Ресей көлік министрінің орынбасары Юрий Пошивай IV Ресей-Қытай энергетикалық бизнес-форумының барысында.
Оның айтуынша, Қытай билігінің саясаты экспорттық жүктерді тасымалдауды жүзеге асырудағы жаңа кедергі болып тұр.
Пашивайдың мәліметінше, бұл тұрғыда Ресей Түркиямен де, Үндістанмен де келісімге келе алған. Алайда, Қытайдың илігетін түрі жоқ. Шамасы, Ресейдегі сақтандырудың шындығына сенбейтін болса керек.