Сайлау: Сенат депутаттарының сайлауы қашан өтеді?
АСТАНА. 29 қараша. Алдағы 2023 жылдың 14 қаңтарында Парламент Сенаты депутаттарының кезекті сайлауы өтетін болып шешілді. Бұл туралы El.kz хабарлады.
«Парламент Сенатының депутаттарының қаншасы қайтадан сайланады, сайлау қашан өтеді?» деген сұрақ соңғы күндері көп қойылып жүр. Сондықтан оқырмандарға нақты мәліметтерді білдіре кеткенді жөн санаймын», деп жазды «Бас редакторлар клубының» президенті Бибігүл Жексенбай.
Сонымен, қазіргі сенаторлар құрамында мына кісілер бар:
Ақмола облысынан – Әдилбеков Дәурен ( 28 маусым 2017 ж. сайланған)
Ақтөбе облысынан- Жұмағазиев Мұқтар ( 28 маусым 2017 ж.); Алматы облысы – Жөргенбаев Жанболат ( 22 сәуір 2022 ж.);
Атырау облысы – Дүйсембаев Ғұмар ( 28 маусым 2017 ж.);
Шығыс Қазақстан облысы – Мусин Дүйсенғазы ( 28 маусым 2017 ж.);
Жамбыл облысынан – Нұралиев Абдалы ( 28 маусым 2017 ж.);
Батыс Қазақстан облысы – Төреғалиев Нариман ( 28 маусым 2017 ж.);
Қарағанды облысынан – Әбдікеров Рысқали ( 28 маусым 2017 ж.);
Қостанай облысынан – Нұрғалиев Жеңіс ( 28 маусым 2017 ж.);
Қызылорда облысынан – Бақтиярұлы Мұрат ( 28 маусым 2017 ж.);
Манғыстау облысынан – Шелпеков Бақтыбай ( 28 маусым 2017 ж.);
Павлодар обласынан – Нұрсипатов Нұржан ( 28 маусым 2017 ж);
Солтүстік Қазақстан облысы – Сұлтанов Ерік ( 28 маусым 2017 ж.);
Оңтүстік Қазақстан (Түркістан облысы) – Кұртаев Әлімжан (28 маусым 2017 ж.);
Астана қаласынан – Мамытбеков Еділ ( 28 маусым 2017 ж.);
Алматы қаласынан – Нүкетаева Динар ( 28 маусым 2017 ж.);
Шымкент қаласынан – Бекназаров Нұрлан (5 қазан 2018 ж.);
Абай облысынан – Байахметов Бақытжан (24 тамыз 2022 ж.);
Жетісу облысынан – Толамисов Амангелді ( 24 тамыз 2022 ж.);
Ұлытау облысынан – Медебаев Советбек ( 24 тамыз 2022 ж.)
Енді мерзімдері аяқталған сенаторлардың орындарына 14 қаңтарда сайлау өткелі тұр.
«Конституцияға сәйкес, Парламент депутаты соңғы 10 жыл бойы ел аумағында тұрақты тұратын Қазақстан азаматы болуы керек. 30 жасқа толған, жоғары білімі бар, жұмыс өтілі кемінде бес жылды құрайтын адам үміткер бола алады», деп түсіндірді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.
Сондай-ақ ол заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген соттылығы бар адам ҚР Парламенті депутаттығына кандидат бола алмайтынын аатап өтті.
Айта кетсек, кандидаттарға қойылатын талаптар ҚР Конституциясының 33 және 51-баптарында, сондай-ақ «Сайлау туралы» Конституциялық заңның 4-бабында көрсетілген.