17 Қазан, 14:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстан қыздары Азия чемпионатында 3 алтын медаль жеңіп алды

11 Қараша 2022 22:57
- Жаңалықтар, Сайыс
Қазақстан қыздары Азия чемпионатында 3 алтын медаль жеңіп алды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АММАН. 11 қараша. Иорданияның байтағы – Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Қазақстанның әйелдер құрамасы қатарынан үш чемпион шықты. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Бүгін чемпионатта әйелдер арасындағы финалдық жекпе-жектер болып өтті.

Алтын медальды командаға жапон Като Хикаруды ұтқан Алуа Балқыбекова (48 кг), тай Жуматас Житпонгтен басым түскен Жайна Шекербекова (54 кг) және жапон Ирие Сенаны тізе бүктірген Карина Ибрагимова (57 кг) алып берді. Ал Гүлсая Ержан (81 кг) үнді Сауитиге ұпай санымен жол беріп, күміс медаль алды. Бұдан бұрын жартылай финалда жарыс жолынан шығып қалған Назым Қызайбай (50 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Мәдина Нұршаева (66 кг), Дариға Шәкімова (70 кг) және Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) қола медальды қанағат тұтқан болатын.

Сөйтіп, 3 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль жинаған Қазақстан командасы чемпионатта Үндістан құрамасынан кейінгі екінші сатыға орналасты.

Финалда Үндістан мен Жапонияның әрбірінің – 5, Қазақстанның – 4, Өзбекстанның, Кореяның және Таиландтың әрбірінің – 2, Тайпейдің, Вьетнамның, Моңғолияның және Иорданияның әрбірінің 1 спортшысы шайқасты.

Сонымен, финалда 4 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль алған Үндістан құрамасы бірінші орынды жеңіп алды. Үшінші орынға жайғасқан Жапония командасынла 1 алтын, 4 күміс медаль бар. Содан кейінгі 4 орынға 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медальды Корея, 5 орынға 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медальды Өзбекстан командасы табан тіреді. Тайпей жасағында 1 алтын, 2 қола медаль болса, Вьетнамда 1 алтын, 1 қола медаль бар. Сол сияқты Таиланд – 2 күміс, 1 қола, Моңғолия 1 күміс, 4 қола, Иордания 1 күміс, 1 қола медаль алды.

Осылайша Қазақстан әйелдер құрамасы осының алдында Дубайда өткен құрлық чемпионатындағыдан айтарлықтай төмен нәтиже көрсетті. Онда біздің қыздар 8 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль алып қайтқан еді.

Таңбалар: Азия чемпионатыәйелдербокс

Ұқсас мақалалар

Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі
Жаңалықтар

Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

16.10.2026
«Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?
Жаңалықтар

«Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?

06.10.2026
Боксшы Оралбай Азиада-2026-да командаға екінші алтын медаль алып берді
Жаңалықтар

Боксшы Оралбай Азиада-2026-да командаға екінші алтын медаль алып берді

02.10.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist