21 Тамыз, 04:08
RAST.kz
USD USD 458.23 ₸
EUR EUR 535.99 ₸
RUB RUB 5.46 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Канье Уэстің концерті өтетін күні Алматыда үш көше жабылады

10 Тамыз 2026 19:14
- Әлеумет, Жаңалықтар
Канье Уэстің концерті өтетін күні Алматыда үш көше жабылады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 10 тамыз. Тамыздың 14-і күні Алматыдағы Орталық стадионда өтетін америкалық рэпер Канье Уэстің концерті қарсаңында мегаполистің бірнеше көшесінде көлік қозғалысына шектеу қойылады. Бұл туралы Orda.kz ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Бұған қоса, концертті ұйымдастырушылар алаяқтардың өтірік билеттер сатуға кірісіп кеткендерін, солардан сақ болуды ескертіп жатыр.

Канье Уэст Қазақстанда алғаш рет жартылай сфералық сахнада шоу ұсынғалы тұр.

Ұйымдастырушылар мәліметінше, концерт өтетін күні сағат 16:00-ден 00:00-ге дейін Алматының үш көшесі жабық болады.

Канье Уэсттің концерті өтетін күні қаладағы үш учаске жабылады:

Абай даңғылы – Мұхтар Әуезов атындағы театрдан Сейфуллин көшесіне дейін;

Сәтбаев көшесі – Байзақовтан Сейфуллинге дейін;

Байтұрсынов көшесі – Тимирязевтен Шевченкоға дейін.

Бұл шектеулер метро жұмысына еш әсер етпейді.

Бұған дейін құқық қорғау органдары билеттерді тек ресми сервистер арқылы сатып алуға шақырады. Төлем жасалғаннан кейін сатып алушыға ваучер беріледі, ал 13 тамыз күні ол автоматты түрде бірегей QR-коды бар электронды билетке ауыстырылады.

Полицияның мәліметінше, осы күнге дейін дайын QR-коды бар билеттер болмайды. Сондықтан «қолдан», әлеуметтік желілерде немесе мессенджерлерде сатылып жатқан мұндай билеттер алаяқтардың әрекеті болуы мүмкін.

Билеттерді қайта сату да тек ресми түрде жүзеге асырылады: ескі ваучер жойылып, жаңа иесінің атына жаңа билет рәсімделеді.

Сатылым басталған кезде билеттердің бағасы 120 мыңнан 350 мың теңгеге дейін болған. Бағасының жоғары болуына қарамастан, олар тез сатылып жатыр.

Осы концертке байланысты Алматының «Қайрат» командасы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі матчын Түркістанда өткізгелі отыр. Клубтың баспасөз қызметі матчтың ауыстырылуына америкалық рэпер Канье Уэсттің концерті себепкерлік еткенін мәлімдеді.

Сөйтіп, «Қайрат» Орталық стадионлағы концерт пен еурокубок күнтізбесінің тығыздығына орай Қазақстан премьер-лигасындағы күнтізбелік матчтарын да өз аренасында өткізе алмайтын болды. Соңғы күндері клуб басшылығы УЕФА-ға матч өтетін орынды өзгерту туралы өтініш жасаған еді, ал Еуропа футбол қауымдастығы бұл өтінішті орындады.

Таңбалар: АлматыКанье Уэстконцерторталық стадион

Ұқсас мақалалар

Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті
Әлеумет

Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

20.08.2026
Каньенің концерті үшін қазақ тілінің не кедергісі бар?
Жаңалықтар

Каньенің концерті үшін қазақ тілінің не кедергісі бар?

15.08.2026
Сатыбалды ақырын Алматыны қазақша сөйлетуді бастаған сияқты
Әлеумет

Сатыбалды ақырын Алматыны қазақша сөйлетуді бастаған сияқты

15.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Дарынды ақын, талантты сазгер Бекжан Әшірбаев қайтыс болды

  • Өңеште тұрып қалған қақырықты қалай кетіруге болады?

  • ЖАНКЕШТІ

  • Меркіде қайғылы қазаға ұшыраған Мәдинаның ажалы себебі елді шошытты

  • Севастопольде сүңгуір-теңізші офицерді жарып жіберген ресейлік әйел ұсталды

  • Су мәселесінде қазақ пен өзбектің мүдделері ортақ болуы керек

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.23 ₸
EUR EUR 535.99 ₸
RUB RUB 5.46 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist