ФСБ Ресейде жұрт арасында теракт жасауды жоспарлап отыр
КИЕВ. 23 тамыз. Ресей федералды қауіпсіздік қызметі ел тұрғындарын жаппай қырғынға ұшыратынын теракт ұйымдастыруды жоспарластырып жатыр. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Олексий Данилов Ресейде соғысты қолдаушылар қатарының күрт түсіп бара жатқанын байқап, РФ федералды қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) таяу күндерде тұрғындарды жаппай қырғынға ұшырататын жарылыс жасауды жоспарластырылып отырғанын баяндады.
«Ресейде соғысты қолдаушылар деңгейі түсіп барады. Кремль енді жұртты мобилизациялауды қажет етіп отыр. Сондықтан алдымен халықтың зор ашу-ызасын туғызу керек. Осыған байланысты ФСБ Ресей қалаларында тұратын азаматтар арасында жаппай қырғынға әкелетін терактілер ұйымдастырмақшы болып отыр. Дугина – солардың қатарындағы алғашқы құрбандық. Украинаның Ресейден бір айырмашылығы: ол бейбіт тұрғындармен соғыспайды», – деді Данилов.
Еске сала кетейік: Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Олексий Данилов бұдан бұрын Кремль идеологы Александр Дугиннің қызы Дарьяны Ресей арнайы қызметінің өлтіргенін, оған Украинаның түк қатысы жоқ екенін мәлімдеген болатын.
Осы кезде Украина Қарулы күштері жіберген снарядтың Донецкідегі «ДХР» деп аталатын сепартистік-оккупациялық биліктің басшысы Денис Пущилиннің «әкімшілік» ғимаратына дәл тигені хабарланып жатыр. Ғимаратта өрт басталған. Ақпарды оккупациялық билік жеткізген.
Украина президенті Володимир Зеленский 23-24 тамыз күндері Ресей атысты күшейткен жағдайда өте қуатты қарсы жауап берілетінін айтты. Ол бұдан кейін соққының арта беретінін жеткізді.