Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Астана жұртшылығы түнде Елена Рыбакинаны әуежайда күтіп алды

АСТАНА. 12 шілде. Кеше түнде «Уимблдон» турнирінен кейін ұшып келген қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны елорда жұртшылығы елорда әуежайында күтіп алды. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

«Уимблдон чемпионы Елена Рыбакина Астана әуежайында күтіп алынды», – делінген хабарламада.

Осыдан кейін екі күннен бері даңқы жер жарып тұрған спортшы аэропортта өзін күтіп алушылар алдында қысқаша сөз сөйледі.

«Мен өзімді күтіп алуға келген, маған  жанкүйерлік жасаған, маған қолдау білдірген адамдардың бәріне көп рахмет айтқым келеді», – деді ол дүйсенбі күні түн ортасында.

Даңқты спортшыны күтіп алуға сондай-ақ Қазақстанның ресми тұлғалары да келді. Жиналған жанкүйерлерде есеп жоқ. Олар спортшыны гүл шоқтарымен, ду қол шапалақтаумен қарсы алды.

Еске сала кетейік, «Уимблдон-2022» финалында әлемнің екінші ракеткасы тунистік Онс Жаберді 2:1 (3:6, 6:2, 6:2) етіп ұтты.

Елена – Мәскеу қаласының тумасы. 2018 жылдың маусым айында Қазақс танның спорттық азаматтығын алды.

Қазақстан Теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов сол 2018 жылы Елена өзінің спорттық мансабын аяқтамақшы болып шешім қабылдағанын айтады. «Еленаның жасы 18-ге келген шағында сондай сәтке тап болды. Бірақ осы бір талантты қыздың болашағы бар екеніне сендік. Сосын оған керекті кезінде қолдау көрсетіп, жәрдем бергенімізге ризамыз», – деді ол.

Спортшы Қазақстан Теннис федерациясы беретін сыйлықтан алдын ала бас тартқанға ұқсайды. Мұның орнына ол «Уимблдоннан» алатын 2 млн еуро көлеміндегі ақшалай сыйлығының бір бөлігін еліміздің жас спортшыларын даярлауға бермекші көрінеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рыбакианы осы ұлы жеңісімен құттықтады. Ертең ол спортшыны қабылдайды деген де әңгіме шығып жатыр. Бұл жайынды Ленаның өзі жазды.

Президент кеше Елена Рыбакинаны II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button