Президент жастар кадр резервін қолдайды
АСТАНА. 15 қаңтар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кадр резервіне енген жастардың кеңестеріне құлақ асып отыратыны туралы айтты. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Мемлекет басшысы мұны Ақордада кадр резервіне енген жастармен кездесу барысында білдірді.
«Президенттің кадр резервін құру бастамасы менің сайлау алдындағы бағдарламамның негізгі тармақтарының бірі болғанын білесіздер. Оның жас қазақстандықтар арасында кең қолдау тапқанына қуаныштымын, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. – Білімді, еңбекқор, отаншыл жастар еліміздің тұрақты дамуы мен прогресінің басты қозғаушы күші саналады».
Президенттің пайымынша, резервке алынған әрбір жас өзінің кәсіби деңгейі жоғары екенін танытып, мемлекеттің игілігі үшін қызмет етуге шынайы талпынатынын дәлелдеп берген.
«Мен сондықтан да барлығыңызды жеке шақырып, еліміз үшін өзекті мәселелерге қатысты пікірлеріңізді білу үшін, кадр резервіне қатысушыларды алдында тұрған міндеттерге қатысты өз пікірімді білдіру үшін шақырдым», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.