Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика

Елімізде бұдан былай егесін жасыратын компаниялар болмайды

АСТАНА. 8 маусым. Қазақстанда бұдан былай өзінің шын егесін жасырып, құпия ұстайтын бірде-бір компанияның болуына жол берілмейді. Бұл туралы «Экспресс К» хабарлады.

«Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтіп, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қатысты заң жобасы қаралды. Депутаттар заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, бірінші оқылымда мақұлдады», – делінген хабарламада.

Осының жайын жеткізген депутат Сергей Симонов заңнаманың мақсаты қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесін жақсарту екенін айтып отыр.

Оның баяндауынша, заңнама күшіне енетін болса, төмендегідей өзгерістер болады:

– заңды тұлғалар (мысалы компаниялар) өздерінің бенефициарларын, яғни компаниямен байланысы бар түпкі иелерін ашық көрсетіп, есеп жүргізуге міндеттеледі;

– бүгін өзгеріс енгізілген заңның күші шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған трасттарға немесе басқа да корпоративтік құрылымдарға қолданылады;

– терроризм мен экстремизмді, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысы бар ұйымдар мен адамдардың тікелей немесе жанама бақылауындағы қаражат пен өзге де активтеріне әсер ете алады;

– қылмыстық жолмен алынған қаржатты заңдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтіліп, «мүлікті тәркілеу» түріндегі қылмыстық жаза белгіленеді;

– қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырғаны үшін заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

«Тұтастай алғанда, осындай заң жобаларын қабылдау және іске асыру ұлттық қаржы жүйесінің қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ жаман әлеуметтік-экономикалық әрі құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды. Қолдау көрсетулеріңізді сұраймын», – деді депутат.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button