Пугачева өзін қорлағандардың «интеллектісі төмен» екенін айтты
ТЕЛЬ-АВИВ. 31 мамыр. Ресейдің белгілі әншісі Алла Пугачева өзін қорлағандарға жауап бере келіп, ресейліктердің интеллектісі төмен екенін атап көрсетті. Бұл туралы УНИАН хабарлады.
Ресейлік өнерпаздардың біразы РФ Украинаға шабуыл жасаған күні соған қарсылық акциясы ретінде күйеуі Максим Галкинмен бірге шұғыл Израильге кетіп қалған Алла Пугачеваны кешіре алмай жүр. Олар осы тобырға қосылып, оның да оккупанттардың зұлымдықтарына қолдау білдіріп отырса дейді.
Бұл жолы тобыр толқыны Останкино мұнарасының өзінде әншіні қорлайтын шара ұйымдастырды. Олар студияның қасбетіне: «Алла, как хорошо, что ты убежала. Алла, ты давно здесь всех за*бала» деп жазып, үлкен панно іліп қойды.
Бұдан кейін әлемдік деңгейде даңқы бар әртістер үндемей тұра алмады.
Алдымен Алла Пугчева өзінің Instagram-дағы парақшасында ақ киім киіп алған кейпін видеода көрсетіп, барынша қысқа әрі нұсқа сөз жазды.
«Чем ниже интеллект, тем громче оскорбления. Живи спокойно,страна!», – деді ол.
«Интеллект төмен болған сайын қорлау да күштірек болады. Тыныш өмір сүр, ел!» – деді яғни.
Айта кетейік, Максим Галкин соғыстың алғашқы күндерінен Украинаға қолдау білдірген болатын. Ол оккупанттар Пасха күні Одессаны атқылауға алғаннан кейін ашулы видеоүндеу жариялады. Осы үшін Ресейде біраз сынның астында қалды.
Осы соғыс басталғалы бері Ресей өнер шеберлерінің басым бөлігі тек қарақан бастары үшін ғана тіршілік етіп жүргендерін байқатып алды.