Ресейдің екі ұшқышы Батыр атағын алды
Анапа, 16 тамыз. Ресей президенті «Уральские авиалинии» компаниясының екі ұшқышына Ресейдің Батыры атағын берді. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
«Мен әуе кемесін Жуковскийдің табаны қатқыл алқабына штаттық жағдайдан тыс қондырған экипажды марапаттау туралы жарлыққа қол қойдым», – деді Ресей мемлекетінің басшысы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелерімен өткен жиынды ашып тұрып.
Ол әуе кемесінің командирі Дамир Юсупов пен екінші пилот Георгий Мурзинің Ресей Батыры атағымен, экипаждың қалған мүшелерінің «Ерлік» орденімен марапатталғанын айтты.
Президент сондай-ақ мұндай оқиғалардың барынша аз болғаны жөн болатынын жеткізді. «Жалпы, мұндайдың тіпті болмағанын қалар едік», – деді ол.
«Уральские авиалиний» компаниясының Ф321 ұшағы Мәскеуден Симферопольге ұшып шықты. Оның бортында 226 жолаушы және экипаждың 7 мүшесі болды.
Лайнер «Жуковский» аэропортынан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай облыстың аумағындағы жүгерілік алқапқа шұғыл қонуға мәжбүр болған. Бұған әуеде шағалалар үйірінің ұшақтың моторына келіп соқтығысқаны себеп болған. Соның салдарынан мотор жана бастаған. Мұны байқаған командир әуе кемесін Рыбинское селосы жедел жерге қондырудың амалын қарастырған.
Ұшақтың жерге келіп қатты қонуының әсерінен 70 адам, соның ішінде 19 бала жарақат алып қалған. Бірақ құрбандық жоқ. «Росавиация» басшысы Александр Нерадьконың айтуынша, бұл ұшқыштар тарапынан қолданылған бірден-бір дұрыс шешім болған.
Лайнер моторы өшірілген, шассилері алынған қалпында жерге сәтті қонды. Экипаж мүшелері жолаушыларды үрлемелі траппен төменге түсірді. Соңғы мәлімет бойынша, 76 адамға медициналық көмекті керек еткен.