Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам
Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетіне реформа жүргізеді
АСТАНА. 21 мамыр. Қазақстанда Ұлттық қауіпсіздік комитетіне реформа жүргізілгелі жатыр. Бұл туралы Әзербайжанның Trend порталы хабарлады.
Мұның жай-жапсары Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың осыған байланысты 2022 жылғы 17 мамырда шығарған «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы» жарлығында қарастырылған.
Қол қойылған жарлыққа сәйкес, ұлттық қауіпсіздік органдарының іс-әрекетін жетілдіру үшін 15 өзгеріс енгізу жоспарланып отыр.
«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа құрамы бекітілді. Комитеттің жекелеген мекемелері қайта құрылады және оңтайландырылады», – делінген портал хабарламасында.