Украина: жау басып алған жерлерде партизан қозғалысы күшейді
КИЕВ. 9 мамыр. Запорожье территориялық қорғанысы жеке бригадасының жауынгерлері аймақта партизан қозғалысының күшейіп келе жатқанын айтты. Бұл туралы DonPress хабарлады.
Әскери қызметкерлердің айтуларынша, Запорожье облысының жау уақытша басып алған өңірлерінде партизандар жасақтары қарулы күштер бөлімшелеріне үлкен көмек көрсетуде. Олар басқыншыларды жою жолында өте белсенді жұмыс жасап келеді.
Жақында әскери бөлімге ресейлік басқыншылар басып алған қаладан тағы бір хабарлама келіп түседі.
«Белгісіз бір адам: «Қайырлы кеш! Жағдайларыңыз қалай? Айдың төртінде жергілікті қарсылық күштері орктерге шабуыл жасады. Нәтижесінде 45 300-дің шамамен 5 200-і жойылды. Сіздер жақын арада келесіздер ме?» деді», – деп баяндады әскерилер.
Территориялық қорғаныс жауынгерлері мұндай мәлімдемелерден кейін тамаққа өксікке келетінін мойындады.
«Шамалы шыдаңыздар, айналайындар, біз сіздерді ұмытқан жоқпыз. Қарап отырмай, қимылдап жатқандарыңа разымыз», – деп жауап қайтарды оларға Қарулы күштер басшылары.