Қалыңдық күйеу жігіт кешіккесін қонақтардың біріне тие салды
НЬЮ-ДЕЛИ. 30 сәуір. Үндістанның Махараштра штатында ата-анасы қалыңдықты мейман жігіттердің біріне ұзатып жіберді. Бұл туралы India Today хабарлады.
Бұған күйеу жігіттің мас болып қалып, өзінің тойына кешігіп келгені себеп болыпты.
Қыздың жаңа күйеу жігітін өз әкесі таңдапты. Ол тура тойдың салтанаты кезінде келген қонақ жігіттердің бірін өз қызымен некеге отыруға көндіріпті.
Мерекелік шара сағат 16:00-ге белгіленеді. Күйеу жігіт бұдан төрт сағат кейін келеді. Соған дейін ол достарымен бірге өзінің қуанышыш жуып жүріпті.
Күйеу жігіт жора-жолдастарын ертіп, тойханаға келгесін, мұндағы қонақтармен сөзге келіп, жаға жыртысып, төбелесіп кетіпті.
«Күйеуім қызын енді бұл жігітке беруден мүлдем бас тартты. Ал бәрі дайын болып тұрғандықтан, қызымыз өз туыстарымыздың біріне тұрмысқа шықты», – деді қалыңдықтың анасы соңынан бәрін түсіндіріп.