Шойгу жоғалып кетті. 12 күннен бері оны көрген ешкім жоқ
МӘСКЕУ. 23 наурыз. Ресей бұқаралық ақпарат құралдары 12 күннен бері Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді көрген ешкім жоқ екенін жазып жатыр. Бұл туралы «НВ.ua» хабарлады.
«Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу көпшілік кеңістігінде 11 наурыздан бері, яғни 12 күн бойы көрінген жоқ», – деп жазды агенттік.
Расында да РФ Қорғаныс министрі соңғы рет жаңалықтарда 11 наурыз күні көрінген. Министрлік сайтында Шойгудың түркиялық әріптесі Хулуси Акармен телефон арқылы сөйлескені айтылды.
Сол күні министрдің Мандрыка атындағы Орталық әскери клиникалық госпитальге барып, Украинамен соғысқа қатысқан әскери қызметкерлерге мемлекеттік марапат тапсырғаны жайында видео көрсетілді.
Бұдан кейін, 18 наурызда Кремль сайты Владимир Путин өткізген Қауіпсіздік кеңесіне қатысқандар санатында Шойгудың аты-жөнінде айта кетеді. Отырыста «Украинадағы арнайы операция барысы» талқыланғаны баяндалады. Бірақ отырыстан бірде-бір сурет пен видео берілген жоқ.
Сол күні Бірінші арнадан Шойгудың награда тапсырып тұрған тағы бір сюжеті көрсетілді. Сюжетте оқиғаның «бүгін» өткені жайында айтылғанымен, ондағы картиналардың Қорғаныс министрлігінің 11 наурызда жариялаған видеосымен бірдей екені белгілі болып қалды.
Қорғаныс министрлігінің сайтындағы Шойгудың бет-жүзі көрсетілген соңғы жаңалық та 11 наурыз датасымен тұр.
Қазір Шойгудың төңірегіндегілер оның оның мазасы болмай жүргенін – жүрегі сыр бергенін айтады. Мұның қаншалықты рас-өтірік екенін кім білсін, дегенмен, Ресей министріне жақын мәнбе журналистерге осылай деп отыр.
Агенттік осыдан кейін Қорғаныс министрлігінен ресми түсіндірме алуға қанша әрекет еткенімен, одан ештеңе шықпады – сәрсенбі күні ондағы телефондар жауап бермеді.
Қазір министрдің мәнзілі де белгісіз.
Бұған қоса, 11 наурыздан кейін Ресей Қарулы күштері Бас штабының бастығы Валерий Герасимовтың қатысуымен өткен шаралар туралы да ешқандай хабар жарияланған жоқ. Сол күні Герасимов өзінің түркиялық әріптесі Яшар Гюлермен келіссөз жүргізген еді.
Демек, 18 наурызда Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өткені де фейк болып шығуы әбден мүмкін. Бұл жағдайда жалғыз Шойгу ғана емес, Герасимовтің де қазір өлі не тірі екені белгісіз болып қала береді.
Суретте: Валерий Герасимов пен Сергей Шойгу (Фото:Kremlin via REUTERS)