Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Зеленский: Украина үшін шешуші кезең басталды

КИЕВ. 28 ақпан. Украина президенті Владимир Зеленский кешке Британия премьер-министрі Борис Джонсонмен сөйлесу барысында алдағы 24 сағаттың өз елі үшін шешуші кезең болғалы тұрғанын айтты. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Зеленский Джонсонмен әңгіме кезінде де, бұдан кейін Польша президенті Анджей Дудамен сөйлесу сипатында да агрессорға тойтарыс беру жөнінде пікір алмасты. Олар Путинге қарсы коалицияның жұмысы жайын да талқыға салды.

Джонсон украин халқының ерлікпен шайқасып жатқанына сүйсініс білдірді. Ол екі ел арасыдағы байланыстың алда бұдан да тығыз бола түсетінін алға тартты.

Өткен түнде жау әскерлері Киевке бұза-жара кіруге тағы да бірнеше рет әрекет жасады. Бірақ олардың шабуылдарының бәріне лайықты тойтарыс берілді. Киев осымен бесінші тәуілік бойы дұшпанға алдырмай тұр.

«Ресей басқыншы әскерлерінің мақсатқа жету жолындағы талпыныстарының бәрі сәтсіз аяқталды. Оккупанттардың техника колоннасы жойып жіберілді. Жау жеке құрам жағынан да айтарлықтай шығынға ұшырады. Ресей әскерлері тығырыққа тіреліп, әлсіреп қалды», – деді Киевті қорғаушылардың басшысы генерал-полковник Александр Сырский.

Ал Житомирдің түбінде Украина армиясының пилотсыз ұшатын «Байрактары» жаудың «Бук» зенит-ракета кешенін жойып жіберді. Осы сәт бейнеленген видео әлеуметтік желіге тез тарап кетті.

Қазір Путиннің Украинаға қосымша күш жіберіп жатқаны айтылып отыр.

 

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button