Бердымухамедов өзінің 56-шы кітабының тұсаукесерін өткізді
АШХАБАД. 22 ақпан. Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов «Түрікменстанның құрметті дипломаты» медалін алып, 56-шы кітабының тұсаукесерін өткізді. Бұл туралы ТДХ хабарлады.
Түрікмен елінің басшысы Рухыет сарайында Министрлер кабинетінің кеңейтілген отырысын өткізді. Сол күні Түрікменстан дипломатиялық қызметкерлерінің күні аталып өтті. Онда Гурбангулы Бердымухамедов Türkmenistanyň ussat diplomaty» («Түрікменстанның еңбек сіңірген дипломаты») атағымен марапатталды.
Президент бұл атақты 2021 жылғы 9 ақпанда тағайындады. Онда мұның «Түрікменстанның бейбітшіліксүйгіш сыртқы саясатын конструктивті жүргізуге жеке үлесін қосқан» дипломатиялық сала қызметкерлеріне берілетіні айтылған. Міне, атақтың бірінші егесі президент болып отыр.
Марапаттаудан кейін Гурбангулы Бердымухамедов «Abadançylygyň röwşen gadamlary» («Көркеюдің жарқын қадамдары») деп аталатын тағы бір кітапты жазып бітіргенін айтып, жинақты көпшілікке таныстырды. Оған Түрікменстанды бұдан әрі дамыту туралы көптеген ұсыныстар енгізілген.