Шымкентте жоспар асыра орындалды: 2990 маскүнем табылды
ШЫМКЕНТ. 1 ақпан. Шымкент қаласында маскүнем санатымен 2990, нашақор есебімен 852 адам есепке алынды. Бұл туралы қалалық полиция дерегіне сілтеме жасаған «Отырар.kz» хабарлады.
Мегаполисте отбасы-тұрмыстық қарым-қатынас бойынша ауыр және аса ауыр қылмыстарға жол бермеу мақсатында қалалық полиция департаменті 24-30 қаңтар аралығында «Тұрмыс» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Шара барысында ІІО есебінде тұрған 5910 адам мәнзілдері бойынша тексерілді.
Отбасында құқық бұзғаны үшін 1220 адамға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылса, 297 тұрғынның мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленді. Маскүнем санатымен – 2990, нашақор санатымен – 852, жайсыз отбасы санатымен 395 адам есепке алынды.
Сондай-ақ қала бойынша бір аптада 618 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.